Шымкентте 8 мың орындық замануи мешіт бой көтереді

Мырзахметов-640-x-481 Шымкентте 8 мың адамға арналған жаңа мешіт бой көтереді. Оның капсуласын салу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен өңірдің зиялылары қатысты. Мешіт қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтереді. Барша мұсылман үшін қасиетті Ораза айының алдында құрылысы басталатын нысан 2016 жылы қасиетті Рамазан айында ел игілігіне тапсырылмақ. Мешітте бір мезетте сегіз мың адам құлшылық жасай алады. Мешіттің кешені автокөлік қоюға арналған көп деңгейлі паркинг, жеделсаты, эскалатор, ауа ағымын реттеуге арналған заманауи жүйелерді қарастырған. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған дәретхана, гардероб, рекреациялық холдар орналасады. Сонымен қатар, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады. Ғимараттың еденін ауа арқылы жылытып, салқындататын заманауи жүйе орнатылады. Іштегі вентиляция жүйесі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің технологиясы бойынша жасалмақ. Мешіт алдындағы бес мыңнан астам адамға есептелінген алаңда жамағатты күннен, жауын-шашыннан қорғау үшін шатыр болып ашылатын жүйе қойылады. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана, асхана, фитнес залдары, әкімшілік бөлмелер салынады. NUR.KZ