Астана мен Париж арасында тікелей әуе рейсін ашу жоспарланып отыр
2014 ж. 11 маусым
1565
0
Жуырда екі елдің Сыртқы істер министрлері Ердан Ыдырысов пен Лоран Фабиус осы мәселені ортаға салды.
Еліміз СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Астана мен Париж арасына қатынайтын тікелей әуе рейсі «қазақ-француз ынтымақтастығына тәп-тәуір серпін беріп, туризмді дамытуға, бизнес-байланыстарды жандандыруға және инвестицияны ынталандыруға мүмкіндік берер еді».
Сонымен қатар, кездесуде «аэроғарыш, «Еврокоптер» тікұшақтары мен машина жасау сынды тағы да басқа салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту» қажеттігі айтылды.
2013 жыл қорытындысы бойынша, Франция Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бестігіне енді. Екі ел арасындағы сауда айналымы 6 млрд доллардан асып жығылды. Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі жағынан Франция төртінші орынды иеленіп, ел экономикасына 10 млрд доллардан астам инвестиция салды.
Интерфакс