Түркия Еуразиялық экономикалық одақтың қауымдасқан мүшесі болуы мүмкін – Назарбаев
2014 ж. 11 маусым
1525
0
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесі мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ деп мәлімдеді.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
ЕАЭО ашық ұйым, оған өзге мемлекеттердің қосылуына болады. Мәселен, Түркия және басқа мемлекеттер аталған бірлестіктің қауымдасқан мүшесі бола алар еді. Сонымен қатар, бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретіндегі шаруа болып табылады, деді Н.Назарбаев бейсенбі күні Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бодрумда өткен саммиті қорытындысына арналған брифингте.
Қазақстан басшысы одаққа Армения мен Қырғызстан да қосылуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Ал бірқатар мемлекеттер бірлестікпен сауда-саттықты жандандыруға қызығушылық танытуда, деді ол.
Интерфакс