Елімізге Қытайдан "Легалка" атты есірткінің жаңа түрі әкелінуде

OLYMPUS DIGITAL CAMERA Елімізде соңғы үш жылдан бері есірткінің жаңа түрі кең таралуда. Нашақорлар арасында "Легалка" деп аталатын бұл "тауар", әсіресе, Алматыда сұранысқа ие. Нарколог-дәрігерлер бұл есірткіге құмар жастардың жыл санап артып келе жатқанын айтады. Тіпті марихуана мен героинді тұтынатын нашақорлар соңғы уақытта жаппай "Легалкаға" көшкен. Ал Қытайдан келетін есірткінің осы түрі басқаларынан 5-6 есе зиян дейді мамандар. "Бір екі шеккеннен кейін ауытқулар пайда болады. Науқастар өзіне лайық емес іс-әрекеттер жасайды. Мысалы терезеден секіріп кетеді, өз-өзіне қол жұмсайды. Біздің клиникада бір ер бала болған, өзінің анасының көйлегін киіп далада жүреді. Бірдеңе десең алақ-жұлақ етіп, шөпке тығылып өзін жануар сияқты ұстайды", - дейді нарколог-дәрігер Айгүл Ембергенова. Елімізде есірткінің жаңа түрін қолданатындар негізінен алматылық жастар екен. Оны пайдаланған нашақордан наркологиялық сынама алсаң да, есірткі шеккенін дәлелдей алмайсың дейді дәрігерлер. Сондай-ақ, "Легалканы" заңды деп ұғатындар да аз емес. Алайда оны пайдалануға кез-келген есірткі түрі сиякты заң бойынша тыйым салынған. NUR.KZ