Денсаулық министрі қанша адамның өмірін сақтап қалғанын айтты
2014 ж. 10 маусым
2173
0
Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қанша адамның өмірін сақтап қалғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкіметтің бүгінгі отырысында ол 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы үш жылда атқарылған іс-шаралар туралы есеп берді.
"Осы жерге келердің алдында мен "процентпен" сөйлемеу үшін соңғы үш жылда қанша адамның өмірін сақтап қалғанынымызды көрсететін нақты сандарды алып келуді жөн көрдім. Бұған дейін осы санаттағы азаматтар сан алуан себептерге байланысты өмірден озып жатты. Мәселен, "Саламатты Қазақстанға" дейін 66 мың адам қан айналымы жүйесінен қайтыс болған. Былтыр, яғни мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың үшінші жылы олардың саны 35 мыңға дейін азайған. Бізде ондай сандар көп", - деді С.Қайырбекова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Алайда жол-көлік апаттарында қаза табатын азаматтардың саны артып келеді. Қазір жыл сайын 3 мың адам о дүниелік болып жатады. Оған қоса, 29 мың адам сан алуан жарақаттар алады. "Дегенмен, біз жол-көлік апаттарында зардап шеккендердің өмірін барынша сақтап алуға тырысамыз", - дейді министр.
tengrinews.kz