Ғалымжан Жақиянов магистр атанды!

A4A528B1-5CCC-4837-9D32-231A32AC119F_mw800 Павлодар облысының бұрынғы әкiмi, кезiндегі Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының негiзiн қалаушылардың бiрi Ғалымжан Жақиянов Массачусетс университетінің магистры атанды. Жолдасының дипломды ойдағыдай қорғап шыққанын жұбайы Қарлығаш Жақиянова өзінің жеке фейсбук парақшасында хабарлап, магистр киімімен түскен суретін жариялады. Әлемнің ең беделді университеттерінің бірінде бизнесті басқарудан магистр атанып шыққан Ғалымжан Жақиянов бірнеше жылдан бері АҚШ-та бала-шағасымен бірге жеке үй жалдап тұрып жатыр. Айта кетейік, Жақиянов Қазақстан тарихындағы ең жас әкiм болған. Ол 2001 жылы Павлодар облысын басқарып тұрған кезінде мемлекеттік қызметкерлермен бірге "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын құрып, қозғалыстың төрағасы болып сайланады. Бірақ, 2002 жылы қамауға алынып, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 7 жылға сотталған. NUR.KZ