Жол апатынан "Қазақмыс" кен орнының директоры жұбайымен бірге қаза тапты

383440226 Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан "Қазақмыс" корпорациясының Шығыс Жезқазған кен орнының директоры мен екі қызметкері көз жұмды, деп хабарлады компаниядан. Жол апаты 8 маусымда сағат 06:00-де Жезқазғаннан 125 шақырымда "Қарағанды-Жезқазған" тас жолында Нұртай стансасы маңында орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша "Фольксваген Туарег" көлігі металл қалдықтары тиелген жүк көлігімен соқтығысқан. "Апат салдарынан алған жарақаттарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Атап айтқанда, "Фольксваген Туарег" көлігін басқарып келе жатқан Шығыс Жезқазған кен орнының №76 учаскесінің бастығы, 1988 жылы туылған Алексей Ливашов, жолаушылар: ШЖК директоры, 1983 жылы туылған Мадияр Қырықпышев, ШЖК Анненская шахтасының бас инженері, 1987 жылы туылған Рахат Смағұлов ажал құшты", - делінген хабарламада. Кейіннен ауруханада алған жарақаты салдарынан Қырықпышевтың зайыбы 1985 жылы туылған Әсел Нұрекенова қаза тапты, ал екі жасар қызы ауруханаға жатқызылды. ҚазАқпарат