Зейнеткерлер құқын қорғау қоғамдық комитеті құрылды

      ҚР зейнетақы жүйесі әлеуметтік қағидатына сәйкес азаматтардың зейнетке шыққандағы еңбек өтілі табыстың бірі болып есептеліп, зейнеткерлікке шығу заңының ережесіндегі 20-25 жылдың еңбек өтілімен жасы келгенде зейнетке шығуға құқылы және еңбек өтілінің нормасынан артық әрбір жылына 1-пайыз көлемінде қосымша зейнетақы алуы тиіс деп көрсетілген болса, 1995 жылға дейін 20-25 жылдан көп еңбек өтілі, жоғары мөлшерде рубльмен алған айлығы болған 1940 жылдан бастап туылған азаматтар зейнеткерлікке шыққан кезінде барлық әлеуметтік құқығының қорғалмауынан түгелдей айрылып, Ата заңның 28-бабындағы азаматтардың санатына теңестіріліп, ел экономикасын көтеруге қосқан үлестері ескерілмеген.

1995 жылға дейін ауылшаруашылығы саласында және қазіргі кезде жалға Ресейге берілген Байқоңыр қаласында жұмыс істеп, рубльмен айлық еңбекақы алған азаматтардан зейнеткерлікке шығуға құжат дайындаған кезінде ол кісілердің рубльмен көрсетілген айлығы туралы анықтамаларын құжат ретінде қабылдамай, күллі елде болған бухгалтерлік айлық есептеу жұмысы іске аспай алған кездері 3 жылдық айлық туралы анықтама өткізбесе болмайды деген ереженің кері әсері нәтижесінде қолданыстағы заңдылықтар мен қағидаты Ата заң талабын орындамай, ең төменгі мөлшердегі зейнетақыда қалдырылуын және еңбек өтілінің нормасынан артық әрбір жылына қосымша 1 көлемінде зейнетақы алу құқығынан айрылып отырғандығын қандай нақты дәлелмен, заңды деп айта аламыз.

Кезінде жіберілген кемшілік пен қателікті жоюдың нақты тетігінің жолын көрсетіп, 2008 жылдан бері барлық билік орындарына ұсыныс хат жазып келеміз. Сол хаттарға жауап беріп отырған халықтың әлеуметтік құқын қорғау министрлігі қағазбастылықтан асып, нақты іс жасай алмай келеді. «Сиынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын» дегендей нақты ұсыныс тетігіне мән бермей отырған Министрлік, Парламент мәжілісінің депутаты Ә.Б. Ісімақова ханым бастап және мәжілістің депутаты біздің зейнетақыны теңестіруге байланысты жасалған ұсынысымызға түсіністікпен қарап 2010 жылдың 3 ақпанындағы «Кеңестік зейнеткерлер мүддесін кім қорғайды?», 18 ақпандағы «Зейнетақыны теңестіруге болады» деген атпен шыққан «Заң» газетіндегі мақалаға заң талабына сай жауап бермей отыр.

Сіздерден әлеуметтік қорғау құқықтары аяқасты етіп тапталып отырған зейнеткерлердің толық дәрежесінде Ата заң мен зейнеткерлікке шығу заңы және ҚР зейнетақы жүйесі әлеуметтік әділеттілік қағидатының талабына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етуіне ықпал жасауыңызды өтінеміз.

Ешкімнен материалдық көмек сұрамаймын, моральды үгіттеушілер керек, хабарласыңыздар. 

 

Құрметпен Комитет төрағасы

Әбилов Жақсымбек

Байланыс телефондары: 225-38-26, 87012947277