Ақтөбеде гүл суару үшін әкімдік 90 млн теңге бөлді!..
2014 ж. 09 маусым
2123
0
Бұдан былай Ақтөбе көшелеріндегі гүлдер мен жасыл желектер автоматтандырылған жүйемен суарылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Бұған дейін комуналдық мекеме жұмысшылары тал-теректерге көлікпен су тасып әбігерге түсетін. Біркелкі суралымаган соң көше бойындағы шөптер де қурап қалатын. Енді бұл олқылықтың орнын арнайы техника толтыратын болады.
"Алғаш рет әуе қалашығы ықшам ауданында автоматтандырылған кешенді сынақтан өткізіп көрдік. Бұрын қолмен суарып, біраз қиындықтарға тап болатын едік. Енді ресейлік мамандармен бірлесе осы мәселені шешу жолын тауып отырмыз. Жұмысшылар алда қолмен емес, компьютер көмегімен гүлзарларды суару амалын меңгеруде", - дейді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук.
Автоматтандырылған жүйені іске қосу үшін жергілікті бюджеттен 89 миллион теңге бөлінген. Тендерді ұтып алған "Ақтөбе арнаулы құрылыс монтаж" компаниясы ең алдымен орталық даңғылдардың бойына техниканы орнатуды көздеп отыр.