Жаңа кадрлық тағайындау
2014 ж. 09 маусым
2730
0
Облыс әкімі Бауыржан Әбдішев актив жиынын өткізіп, онда өңірдегі кадрлық ауыс-түйістер туралы мәлім етті. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісімімен басқа қызметке ауысуына байланысты Жұмабеков Бейсембай Қуанышұлы облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
Аймақ басшысы Бейсембай Жұмабековке бірге атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметінде табыстар тіледі, сондай-ақ оған Құрмет грамотасын табыс етті.
ҚР Президет Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімімен Бекбанова Жанар Рүстемқызы облыс әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жанар Бекбанова 1975 жылы 26 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және "Қазтұтынуодағының" Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Филолог, орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы, заңтану бакалавры.
1996-2006 жылдары - "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Қарағанды облыстық филиалында режиссердің тілші, редактор-тілші, редактор қызметтерін атқарды. 2006-2009 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы, баспасөз қызметінің басшысы.
2009-2010 жылдар аралығында - "Нұр Отан" ХДП Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2010-2012 жылдары - "Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратында баспасөз қызметінің басшысы.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Жанар Бекбанова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Қазақпарат