Жаңа кадрлық тағайындау
2014 ж. 06 маусым
2505
0
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов Өңірлік даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Бұның алдында Қосман Айтмұхаметов Ақмола облысының әкімі қызметін атқарған болатын, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысында дүниеге келген. 1986 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын "Инженер" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін "Заңгер" мамандығы бойынша білім алып шықты.
Қосман Айтмұхаметов еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысында "Изобильный" кеңшарында бастаған ол әр жылдары Бестөбе кенішінде, Астана қаласы байланыс көлік базасының директоры, "Қалалық коммуналдық шаруашылық" МКК басшысының орынбасары және директоры, "Кредит Құрылыс НС" ЖШС директорының орынбасары қызметтерінде жұмыс атқарды.
Ол 2009-2013 жылдар аралығында Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды. Ал 2013-2014 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметін атқарды.