Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасымалдағышы ұшырылмайтын болды!

rossiyskaya_raketa_proton_m_vyvela_amerikanskiy_sputnik_na_orbitu_thumb_fed_photo Байқоңырдан "Протон-М" зымыран-тасымалдағышы 20 маусымда ұшырылмайтын болды. Бұл жайында Орталық машина жасау ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Александр Данилюкқа сілтеме жасап "Итар-ТАСС" хабарлайды. Оның айтуынша, бұл айда "Протондар" ұшпайды. Данилюк сондай-ақ, апатты тексеру комиссиясының 8 маусымда жұмысты аяқтайтынын да айтқан. Оның нәтижесі үкіметке жолданады. Ал "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы дереккөз "Протон-М" зымыран-тасығышының ұшырылуы болжам бойынша 8 шілдеге ауыстырылғанын айтты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16 мамыр күні апатқа ұшыраған "Протон-М"-нің өртену себептері қазір анықталу үстінде. Алғашқы болжамдар да жоқ емес. Мамандар әзірге қозғалтқыштың шағын мойынтірегі істен шыққандықтан, апат орын алған болуы мүмкін деп отыр. Ал, нақты себебі осы аптаның соңында жарияланады. NUR.KZ