Атыраулық сүйегі сынғыш балаға шұғыл қаржылай көмек қажет
2014 ж. 05 маусым
1723
0
Дәрігерлер оған туа бітті "жетілмеген остеогеноз" диагнозын қойған. Яғни тез мертігетін Әділхан аяққа тұра алмайды.
Отандық дәрігерлер "емдей алмаймыз" деп шорт кескен соң, анасы ресейліктердің жәрдеміне жүгініп, қайырымды жандардың көмегімен ем алыпты. Бірақ оны жалғастыру үшін тағы қаржыдан тарығуда.
Ал 6 баламен пәтер жалдап жүрген отбасында артық ақша атымен жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.
4 жастағы Әділханкүні бойы осы керуетте отырады. Қатарластары секілді жүгіріп, ойнай да алмайды. Аяқ-қолы морт сынады.
Анасының айтуынша, Әділхан осы уақытқа дейін 7 рет емдеу курсынан өтіпті. Жиып-терген қаржылары біткендіктен енді 2 ай бойы ем ала алмай отыр.
Жолы мен ем-домына барлығы 700 000 теңгедей қаржы қажет. Бүлдіршінге бұдан басқа миына су жиналып, кірпігі көздің ішіне қарай өскен деген тағы екі қауіпті диагноз қойылған. Дер кезінде емдемесе, соңғысының кесірінен бала соқыр болып қалуы мүмкін.
"Сәуірден бері ем алған жоқпыз. Бала сынып жатыр. Міне бір қолы екі жерден сынып тұр. Бұл баланы қозғауға тағы қорқамыз. Демеуші таба алар емеспіз", - деп жағдайын жеткізді Әділханның анасы Ләззат Өтепқалиева.
Әділханға көмек қолын созамын дейтін қайырымды жандар мына телефон номерлері бойынша хабарласа алады.
КТК