Қытайлықтар Қазақстанға ағылуда
2014 ж. 04 маусым
3416
6
Елімізге өткен жылдары 11 мың 171 қытайлық келген. Бұл көрсеткіш республикамыздан шыққан Қытай азаматтары санымен салыстырғанда айтарлықтай көп.
Осындай мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі жариялап отыр, деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі.
Ресми ақпараттарға сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға түрлі мақсатпен 41 мың 735 Қытай азаматтары келген екен.
Көршілес мемлекет азаматтары көп жағдайда жеке мақсатта келсе, биылғы жылы олардың 4 мың 733-і қызмет бабымен, 3 мың 918-і турист ретінде, қалғандары тұрақты мекен етуге келген.
Тағы бір айта кетерлік жайт, қытайлықтардың Қазақстанға инвестициялық мақсатта және ем қабылдауға келмейтіні аңғарылады.
КазТАГ ақпараты