Африкадағы аламан

0
931

Аргентинаның арыны қатты

 

Әлемді дүр сілкіндірген Оңтүстік Африкадағы 19-шы әлем чемпионаты келіп жетті. Осы әлем чемпионатына іріктеуде мықтылары анықталып, 32 мемлекеттің футболшылары жолдама алды. А тобындағы командаларға қарап алдын ала болжам айту қиын болады. ОАР-ды төртінші орын алады дей салу оңай әңгіме, алайда олар турнирдің қожайындары. Әлем чемпионатының бірінші ойыны «Соккер сити» стадионында өткен ОАР мен Мексика құрамалары арасындағы ойын тең аяқталды.Мексикалықтар алаңға шығысымен допқа иелік етті. Алайда Карлос Вела африкалықтардың қақпасының алдында жалғыз қалып, допты баспен тор ішіне топ еткізді. Бірақ бұл голын өзбекстандық жас төреші Равшан Имратов офсайд деп санап, есептемеді. Екінші таймның басында, 55-шы минутта әлем чемпионатының алғашқы голын оңтүстікафрикалық Тшабалала ашты. Бұл голдан кейін мексикалықтар шабуылдауды тоқтатпады. Нәтижесінде Рафаель Маркес 79 минутта таразы басын теңестірді.

Ал «Грин Пойнт» стадионында әлем чемпионатының екінші ойыны 1930,1950 жылдардың чемпионы Уругвай мен 1998 жылғы чемпион Франция ойнады. Ойын 0-0 болып тең өтті. Уругвайлық қақпашы Муслера француздардың шабуылдарына төтеп бере алды. Франция құрамасының бас бапкері Раймон Доменик францияның атақты шабуылшысы Тиерри Анриді басты құрамға неге қоймағанын біле алмадық . 18 күні Франция мен Мексиканың кездесуінде мексикалықтар француздарды қиын жағдайға түсірді. 2-0 есебімен 3 ұпайды мексикалықтарға бере салды. Мексиканың шабуылшысы Хавьер Фернандес 64 минутта бірінші голын салды.Жартылай қорғаушы Баррера оң жақ қанаттан шабуылдаған сәтте францияның қорғаушысы Эрик Абидаль шалып құлатты. Ал төреші пенальти деп белгіледі. Пенальтиді 79 минутта шабуылдаушы сәтті орындады.Француздар енді қиын жағдайға тап болды.

Аргентинаның жұлдызы, қазіргі бас бапкері Марадоннаның құрамасы сәтті ойнап 1/8 финалға шығуға асығуда. В тобының лидерлері 6 ұпай жинап демалуда.Алғашқы ойындарында Нигериямен 1-0 есебімен жеңіске жетті. 6 минутта бұрыштама добын көтерді.Хайнце басына бұйырып тұрған допты Нигерия қақпасының тоғыздығынан бір-ақ шығарды.Сөйтіп Марадоннаның Аргентинасы 3 ұпай алды. Келесі ойындарын таэквандо елі Оңтүстік Кореямен ойнады.16-шы минутта Анхеля ди Мариюді шалып Кореяға қиындық туғызды. Айып добы Корея шабуылшысының Пак Чу Юннің тізесіне тиіп автогол салды. Келесі голды 33минутта Гонсала Игуаин салды. Кәрістер бірінші тайм аяқталып, 1 минут қосқанда Мартиннің қателігін пайдаланған Ли Чу Ен есепті 2-1 етіп, бірінші таймды аяқтады.Екінші таймда Мессидің тепкен добын Чун қайтарды. Ал Месси қайтарылған допты тағы тебеді. Бағытталған добы Чун қақпасының бағанына тиіп барып Игуинге бағытталды. 77 минутта Игуаин шайнап беріп тұрғанды жұта салды.Аргентиналықтар кәрістерге допты біраз уақыт бермей қиындық туғызады. Сөйтіп 81 минутта осы ойында бағы жанған Игуайн хэт трик жасайды. Енді Аргентинаға уайым жоқ..

 Англия АҚШ-пен тең ойнады. Бірінші голды Англияның капитаны Стивен Джерард салды. Ал АҚШ шабуылшысы Демпсидің жерге түсірмей тепкен добын Англия қақпашысы қателік жасап жіберіп алды. Сөйтіп таразы басы теңесті. Бұл Англия 2 ұпайдан айрылып, келесі ойынға дайындалып жүрген. Алайда жалғыз ғана мұсылман елі Алжирмен де 0-0 ойнап екі ойында екі ұпай алды, Англияға қатер төніп тұр. Енді Англия Словениямен қалай ойнайды, бәрі соған байланысты. Ұтса 1.8 финалға шығады.

Германия бірінші ойынында Австралиялықтармен кездесті. Неміс машинасы алаңға шыға салысымен Австралия қақпасына шабуыл жасауды ұйғарды.Германия Австралияны 4-0 есебімен жеңді. Ал келесі ойынды Сербиямен ойнады.Барлық жанкүйерлер үлкен есеппен ұтады деп ойлады. Бірақта 0-1 есебімен жеңіліп қалды. Бұның бір себебі, неміс ойыншыларының бір бөлігі әлем чемпионатына келмеді.Германияның капитаны, үздік ойыншысы Михаель Баллак ӘЧ алдында жаттығуда жарақат алып, әлем чемпионатына қатыса алмады.

 Қызғалдақты елдің ойындары жайнап тұрды. Бұлардың бас бапкері Берт ван Марвейк бұрынғы бапкері Ван Бастеннің орнын алмастырды.Нидерландықтармен Даниялықтар Иоханезбургта ойнады.Шабуылды алдымен нидерландықтар бастады. Алыстан бағыттаған Снейдердің добы бағанға тиіп көрерменді дүр еткізді. Даниялықтар 46 минутта өз-өздеріне гол салып, ойындары басылып қалды. Ал бір голды аздық қылған голандиялық шабуылдаушы Дирк Кюйт 85 минутта тағы гол салып, көзге түсті.Осы ойынды Францияның жұлдыздары Зинедин Зидан мен Платини тамашалап отырды. Өкініштісіне келер болсақ, қызғалдақтардың жұлдызы Арьен Роббен әлем чемпионатының алдында жарақат алып, бұл ойынға қатыса алмады.

 

Командасын кім алға шығарады: Дрогба, Роналду, Кака…

 

Қызық ойындарының бірі Кот д Ивуар мен Португалия болды. Екі құраманың екі жұлдызы бұл ойында ешқандай өзгерістер енгізе алмады . Бірақта Кот д Ивуардың шабуылдаушысы,Африканың жұлдызы Англияның бомбардирі Дидье Дрогба әлем чемпионатының алдында қолын сындырып алды. Операцияның көмегімен Дрогба екінші таймның аяғында бірақ шықты. Ал Португалиялық Криштиану Роналду бірінші таймда Игуарейцтердің қақпасының бағанына тигізіп, елді шу еткізді. Бірақ бұдан кейін ешбір өзгерістер көрсетпеді.

G группасының екінші ойынын Бразилиялықтар мен Солтүстік Корея ойнады. Бразилияның бұрынғы жұлдыздарынан қазір Кака,Робинье,Жилберто Сильва, Фабиано ғана қалды. Рекордсмендер КХДР мен бірінші таймды 0-0 есебімен тең бітірді. Ал екінші таймда 55 минутта оң жақ қанаттан Майкон түсініксіз гол салып кетті. Робиньенің кесіп берген пасын Элано сол жақ бұрышқа бір тепкеннен салды. Бірақ кәрістердің екпіні басыла қойған жоқ . Ақырында 89 минутта Лусьеның қателігінің арқасында Чжи Юн Нам Сезарге мүмкіндік бермей, гол салып кетті. Сөйтіп есеп 2-1 болып аяқталды.

Европа чемпиондарының аяғына жем түсіпті. Испания мен Швейцария ойынында барлығы Испанияға бәс тіккен болатын. Бірақ Испаниялықтар Швейцариядан 0-1 есебімен жеңіліп қалды. Европа чемпиондарынан мұндайды күтпеген жанкүйерлер түсінбей қалды. Қарсыласты менсінбеген осындай болады.Испания жұлдыз ауруынан айыға алмай қалды.

Африкадағы аламанның қызығы мен шыжығын алда баяндап отыратын боламыз.

 

Әзірет ЖАРЫЛҚАСЫН

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз