Қазақстанда шетелдіктерге берiлген жер 300 мың гектардан асады
2014 ж. 02 маусым
1516
0
Шетелдiктерге жалға берiлген жердiң жалпы көлемi 313 мың гектарға жуық. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Өңiрлiк даму министрi Болат Жәмiшев мәлiм еттi.
Шетелдiк компанияларға немесе тұлғаларға жалға берiлетiн жер телiмдерi жобаның өзiн-өзi ақтау мерзiмiне дейiн берiледi. Қазiргi уақытта ол 10 жыл мерзiмге дейiн шектетiлген.
"Шетелдiктерге және шетел иелiгiне тиесiлi компанияларға 313 мың гектар жер ауыл шаруашылық мақсаттар үшiн жалға берiлген. Ендiгi кезекте олар 10 жылдан астам уақытқа ұзартылады, егер жобаға инвестиция салу талабы орындалғанда ғана 10 жылдан аса мерзiмге ұзартылады. Басқа жағдайда 10 жылдан көп мерзiмге берiледi. Бұл айтып отырғанымыз ауыл шаруашылық мақсаттарына арналған жерлер", - дедi Б. Жәмiшев.
Айта кетейiк, бүгiн Үкiмет отырысында ҚР "Кейбiр заң актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы талқыланды.
Қазақпарат