Мейрамбек Беспаев футболдан әлем чемпионатына қатысуда

беспаев Әртістерден құралған Қазақстан футбол командасы әлем чемпионаты – «Арт-футбол» фестиваліне қатысуда. Бірінші матчта қазақстандықтар Голландия командасына есе жіберді, – деп хабарлады Vesti.kz. Алғашқы кездесуде қазақстандықтар голландиялықтарға 1:2 есебімен есе жіберді. Отандық әртістердің арасында қарсыластардың қақпасына жалғыз допты дарытқан Сұлтан Күнтуған болды. Басқа матчтарда Ресей Эстонияны 2:0 есебімен ұтты. Екінші ойында Қазақстан Ресеймен, ал Голландия Эстониямен кездеседі. Бұл жарысқа әлемнің 16 командасы қатысуда. Олар төрт топқа бөлінген. Ереже бойынша, әрбір команда әртістерден басқа 35-тен жас емес екі кәсіби футболист пен бір танымал спортшыны (футболист емес) қатыстыра алады. Отандық эстарада жұлдыздарынан құралған Қазақстан құрамасының құрамы: Қақпашылар: Абдулкәрім Кәрімов (әнші), Ақылбек Досжанов (продюсер); Қорғаушылар: Ерлан Әлімов (әнші), Мэлс Сағатұлы (әнші), Абай Жансарбаев (әнші), Медет Кежекбаев (әнші), Жанай Ғаділбек (әнші), Қазыбек Қожахметов (әнші), Кенжебек Жанәбілов (әнші), Арман Қоңырбаев (әнші), Марат Есмұратов (бұрынғы футолист); Жартылай қорғаушылар: Батыр Байназаров (әнші), Сұлтан Күнтуған (әнші), Ғалымжан Арыстанбекұлы (продюсер), Аян Бірбаев (әнші), Жұбаныш Жексенұлы (әнші), Әділжан Омаров (әнші), Сейітжан Дәурен (әнші), Дильен (әнші), Ілияс Харов (әнші); Шабуылдаушылар: Мұқасан Шахзадаев (әнші), Рысбек Аташев (әнші), Сәкен Майғазиев (әнші), Мейрамбек Бесбаев (әнші). «Жұлдыздар құпиясы» журналы