Елді мекендерге тарихи атаулар қайтарылады

жанай омаров Қазақстанның кейбір елді мекендеріне тарихи атаулары қайта беріледі. Бұл туралы Алматы облысында өткен конференцияда ҚР мәдениет вице-министрі Жанай Омаров хабарлады. "Біздің кейбір елді мекендерге, географиялық объекттерге тарихи атауларды қайтару, бұл өте маңызды мәселе. Үлкен жұмыс күтіп тұр. Ең маңыздысы, Қазақстанның барлық тарихи атаулары халыққа, елге қайтарылуы тиіс", - деді Жанай Омаров. Сондақ-ақ вице-министр елді мекендерге адам есімдерін беруге болмайтынын айтты. Оның мәліметі бойынша, 2014 жылы ғана Қазақстанның 6 облысында 42 аудан мен ауыл аттаулары өзгертілді. Соның ішінде 2 елді мекен ғана өз тарихи атауына қайта ие болды. Бүгінгі таңда елімізде 8 мыңнан астам елді мекен бар, олардың 40% Кеңес үкіметі мен орыс патшалығы кезінен бергі атауларға ие.