Қызылорда облысында толассыз жаңбырдан қойлар қырылды

c20530020abdb58efa2b3d2786fabeeaКеше таңғы сағат 7:30-дан 10:00-ге дейін тоқтаусыз жауған жаңбырдың әсерінен Қаратау бөктеріндегі шопандардың 1500-ден астам қойлары шығынға ұшыраған.

Бүгінгі таңда аудан әкімінің өкімімен 4 бағытта (Төменарық, Жайылма, Ақүйік, Қосүйеңкі а\о) ветеринар мамандар тау бөктеріне жолға шықты.Басты себеп: толассыз жауған жаңбырдан бірер күн бұрын жаппай қой қырқыны жүрген. Қойлардың жүні қырқылғаннан кейін, жаңбыр мен салқын ауаның әсерінен қойлар қырыла бастаған.

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мен штабқа басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысовқа жүктелді.

Қанша қойдың қырылғаны жөнінде сан нақты болмауы мүмкін. Нақты санын комиссия анықтайтын болады.

Бұл туралы Жаңақорған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.