Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «А» корпусының кадр резервіне кезекті іріктеу өткізілді.
Құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 13–28 наурыз аралығында жүргізілді.
Барлығы
1029 өтініш берілді, оның ішінде мынадай лауазымдарға:
жауапты хатшылар, аппарат басшылары –
82;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері, билік тармақтары аппараттарының бөлім меңгерушілері –
144;
комитет төрағалары, МҚІА-нің аумақтық департаменттерінің басшылары –
221;
қала және аудан әкімдері –
467;
тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері –
115.
Іріктеуге қатысушылардың
73%-ы – мемлекеттік қызметшілер (
29 %-ы – орталық мемлекеттік органдарының орталық аппараттары,
44 %-ы – өңірлердегі мемлекеттік органдар),
27 %-ы – мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар. Кандидаттардың
12,1 %-ы – әйелдер.
Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша
792 кандидат арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылды және тестілеуге жіберілді.
14–23 сәуір аралығында «А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу өткізілді.
Тестілеуге
746 кандидат қатысты.
365 кандидат шекті мәндерден өтіп, тестілеуді сәтті тапсырды, ал
381 кандидат (
51%) шекті мәндерден өте алмады.
Тестілеу кезеңі мыналарды қамтыды:
заңнаманы білуге тестілеу;
басқарушылық және жеке құзыреттілікті анықтауға бағытталған тестілеу;
логикалық ойлау бойынша тестілеу;
ҚАЗТЕСТ.
Заңнаманы білуге тестілеу үшін шекті мән анықталды. Ағымдағы жылы тестілеу бағдарламасы жетілдірілді.
Мемлекет басшысының 2013 жылғы 17 қазанда «А» корпусымен болған кездесуінде берген тапсырмасы бойынша аудан әкімдері лауазымдарына кандидаттарға заңнама саны 10-нан 8-ге қысқартылды. Тексеру комиссиялары мүшелеріне Бюджет кодексі енгізілді.
Сондай-ақ, кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттілік, логикалық ойлау бойынша тестілеуден өтті.
Осы тесттерді Агенттік «Hill International» жетекші халықаралық компаниясымен бірлесіп, әзірледі және іріктеу кезінде апробациялаудан өткізілді.
Осы тесттердің нәтижелері кандидаттарды төрт көрсеткіш – стратегиялық, талдау, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-тексеру, сондай-ақ логикалық ойлау деңгейі бойынша бағалауға мүмкіндік берді.
Өңірлік кадрлық комиссияларда кандидаттармен әңгімелесу өткізілді.
Облыс әкімдері басқаратын осы комиссиялар кандидатқа оның кәсіби және жеке қасиеттері бойынша баға берді. Олар өздерінің осы бағаларға негізделген ұсыныстарын Ұлттық комиссияға жолдады.
Барлығы
248 кандидат әңгімелесуден өтуге тиіс болды.
Кандидаттардың
59%-ы (144) оң баға, ал
41%-ы (
105) – теріс баға алды.
Іріктеудің қорытынды кезеңі – Ұлттық комиссиядағы әңгімелесу.
Ұлттық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу
16–20 мамыр аралығында өтті.
Әңгімелесуге
376 өтініш бойынша (қатысуға өтініш бергендердің 35%-ы)
365 кандидат қатысты.
Ұлттық комиссияның мүшелері мынадай ақпараттарға негіздей отырып, кандидатты бағалай алды:
- бұрынғы жұмыс тәжірибесі;
- ұсыным хат;
- құқық қорғау органдырының ақпараты;
- заңнаманы білуге тестілеудің нәтижелері;
- құзыреттілік бойынша тестілеудің нәтижелері;
- ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу деңгейі;
- өңірлік комиссиялардың пікірі;
- Ұлттық комиссияның сұрақтарына жауаптары;
- әңгімелесу кезінде алған әсер.
Сонымен бірге, Ұлттық комиссияның мүшелері әрбір кандидатқа 2-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша баға қойды.
Сапалы іріктеуді қамтамасыз ету үшін былтырғы жылғы және халықаралық тәжірибені ескере отырып, әңгімелесу барысында алғаш рет кандидаттарға лауазымдардың санаттары бойынша ситуациялық тапсырмалар берілді.
70%-тен жоғары дұрыс жауап берген кандидаттарға заңнаманы білуге тестілеу үшін 2-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша баға есептелді.
Кандидаттар олардың қорытынды бағалары бойынша кадр резервіне ұсынылды.
Қорытынды баға тестілеу және әңгімелесу үшін бағаларды қосу арқылы шығарылды. Оның ішінде тестілеу үшін баға 0,3-ке, ал әңгімелесу үшін баға 0,7-ке көбейтілді.
Кандидаттар алған бағалары негізінде кадр резервіне алу үшін шекті мән 4,3 деңгейінде анықталды.
Кадр резервіне 149 кандидат ұсынылды
Ұлттық комиссияның 2014 жылғы 27 мамырдағы корытынды отырысында іріктеу қорытындылары бойынша кадр резервіне
149 кандидат ұсынылды: оның ішінде мынадай лауазымдарға:
жауапты хатшылар, аппарат басшылары –
7;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері, билік тармақтары аппараттарының бөлім меңгерушілері –
27;
комитет төрағалары, МҚІА-нің аумақтық департаменттерінің басшылары –
38;
қала және аудан әкімдері –
65;
тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері –
12.
Оның ішінде: мемлекеттік қызметшілер –
80 %, квазимемлекеттік сектордың, бизнес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жұмыссыздар –
20 %; ерлер –
84 %, әйелдер –
16 %.
Жалпы алғанда, «А» корпусының резервіне конкурс бір орынға 7 адамды құрады, былтырғы жылғы көрсеткіштен
2,9 есе көп. Бұл «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің енгізілген жүйесі қоғамдық қолдауға және азаматтардың сеніміне ие болғанын куәландырады.
Ұлттық комиссияның және өңірлік комиссиялардың назарына тағайындаудың бұрынғы саяси сипатында әртүрлі факторларға байланысты басқарушылардың корпусына кіре алмаған кандидаттардың іліккені маңызды. Осылайша, «әлеуметтік лифт» тетігі толықтай қызмет ете бастағанын атап өтуге болады.
Сонымен бірге, іріктеуден өтпеген, алайда жетерліктей әлеуеті бар кейбір кандидаттарды Ұлттық комиссия «Б» корпусының өнірлік деңгейдегі басқарушылық лауазымдарына конкурстарға қатысу үшін ұсынды.
Осылайша, биылғы және былтырғы жылғы іріктеу қорытындылары бойынша «А» корпусының
533лауазымына
553 адамнан тұратын резерв қалыптастырылды.
Сондай-ақ, Ұлттық комиссия іріктеу кезінде кандидаттарды бағалау рәсімдері мен тәсілдері іс жүзінде жинақталған және ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, жетілдірілгенін атап өтті.
Осы жылдан бастап жетекші консалтингтік компанияларды жұмылдыра отырып, персоналды іріктеу және бағалау үшін құзыреттілік бойынша отандық тесттерді әзірлеу басталды. Осыған ұқсас отандық тесттер Қазақстанда ешқашан болмағанын айта кету қажет. Осы жұмыстарды сәтті өткізу 2015 жылдан бастап оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудегі басым тест ретінде айқындауға жол ашады.
«А» корпусының кадр резервіне алынған адамдардың тізімі Агенттіктің ресми интернет-ресурсының
«А» корпусы. «А» корпусына іріктеу 2014 жыл. Кадр резервіне алынған адамдардың тізімі»бөліміндеорналастырылды.