Ресейлік бизнесмендер компанияларын Қазақстанға аудара бастады

chemodan_dengi_dollary

Еуразиялық экономикалық одақ шартқа қол қойған Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің кәсіпкерлеріне тиімді.

Бұл жайлы бүгін шетелдік сарапшы-саясаткерлердің ЕЭО құру туралы Шарт жөніндегі Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде РҒА Экономика институты Посткеңестік зерттеулер орталығы Посткеңестік елдердің экономикалық дамуы секторының жетекшісі Елена Кузьмина толығырақ тоқталды.

"Қазіргі таңда ресейлік кәсіпкерліктер өз компанияларын Қазақстанға аударып жатқанын байқауға болады. Өйткені, мұнда кәсіпкерліктің жұмыс істеуіне жағдай жасалған. Әрі шекаралас өңірлердің кәсіпкерлеріне де қолайлы жағдай жасалынған. Ал экономикалық байланыстар халықтардың жақындасуына да мүмкіндік береді", - деді Кузмина.

Ресейлік маманның айтуынша, ЕЭО елдерінің кезкелген азаматы Қазақстан, Ресей мен Беларусь аумағында кәсіпкерлік ашқанда "ұлттық агент" атағын алады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кез келген азаматы Қазақстан, Ресей мен Беларусь аумағында кәсіпкерлік ашуда "ұлттық агент" атағын алады. Ол үшін "шетелдік агент" ретінде және жұмыс істеуі үшін ешқандай да қосымша құжат рәсімдеудің қажеті жоқ.

BAQ.KZ