Жанармай бағасы тағы да өседі
2014 ж. 30 мамыр
1995
0
Кешелі бері еліміздің мұнай-газ министрі Ұзақбай Қарабалин шілде айында елде жанар-жағармай бағасы тағы да өсім беретінін мәлім етті.
Бұл туралы ол: "бензин бағасының қаншаға көтерілетінін дөп басып айту қиын. Өйткені, әзірше маусым айынан қалай шығатынымыз белгісіз. Ең бастысы Ресей тарапынан өзгеріс болмасын деп тілейік, өйткені бензиннің басым бөлігін осы көршілерімізден тасымалдап отырмыз" деді.
Осы арада Алаш айнасы жанар-жағармайдың түйдектеліп қалған мәселелеріне тағы бір тоқталуды жөн санады. Жалпы, Қазақстан Ресейден жылына миллондаған тонна бензин импорттауға мәжбүр. Мұнай-газ ведомствасы басшысының көршілерімізге қарап алаңдап отырғаны да сондықтан.
Министрдің айтуынша, еліміздегі жанармай қоры алдағы маусым айына ғана толық жетеді. Сондықтан қазір мамандар нарықтағы ең өтімді АИ-80, АИ-92 маркалы бензиннің қорын жіті есептеуде.