"Қазақфильм", "Қайрат" фк, Республика сарайы, "Күзет" жеке қолдарға өтпек
2014 ж. 28 мамыр
2002
0
Мемлекет мүлкін жекешелендірудің келесі толқынына іліккен компаниялардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Үкіметтің 2014жылдың 31 наурызында шыққан №28 "2014-2016 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру" туралы Қаулыға 2014 жылдың 30 сәуірінде " ҚР Үкіметінің Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" Қаулысында жазылған. Министрліктің ондаған мемлекеттік нысандары мен жергілікті биліктің жүздеген өнеркәсіптері жеке қолдарға өтеді. "Күзет", ІІМ-нің санаториясы, Денсаулық министрлігінің төрт институттары, АҚ "Қаржы академиясы", Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм"-нің жарты пайыздық үлесі, ал "Қазақ энциклопедиясы" 100% жеке кәсіпкерлердің меншігіне өтеді.
Өңірлердегі мемлекет мүлкін жекешелендіруге футбол клубтары, спорт, сауықтыру, білім беру мекемелері, сондай-ақ коммуналдық меншіктер де кіреді. Астана қаласында АҚ "Астана-Зеленстрой", автобус паркі және "Қайсар" футбол клубы жеке қолға өтеді. Алматыда орталық цирк ғимараты, "Алматыметроқұрылыс", "Қайрат" футбол клубтары және Республика сарайы енді жеке меншік компанияларға айналады.