Қазақ киносына сұраныс артып келеді

18dffff5ab071a2174e3afcbfc0d606aСоңғы 5 жылда қазақ фильмдері көрермендерінің саны 400 есеге артты, деп хабарлады мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

"Соңғы 5 жылдың ішінде кинотеатрларда көрсетілетін қазақ фильмдерінің көрермендері саны 400 есеге артты. Бұл, әрине, біздің өнер туындыларымызға деген қызығушылықтың артып келе жатқандығын паш етеді", - деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда отандық кинолардың сапасы артып, Ә.Ержанов, Ш.Оразбаева, А.Сатаев сынды дарынды режиссерлердің туындылары халықаралық байқауларда да көрсетілуде, деп жазадыҚазақстан жаңалықтары. "Мәселен А.Сатаев - философиялық режиссер. Оның "Адасқандар" фильмі кино майталмандары тарабынан өте сәтті, философиялық туынды деген бағасын алған болатын. Бұл тұрғыда Е.Тұрсынов та өте жемісті жұмыс істеуде", - деді министр.

"Новости Казахстана" ақпарат порталы