2-9 маусым күндері 92 мың түлек ҰБТ-ға қатысады
2014 ж. 27 мамыр
2657
0
Биылғы ҰБТ тестілеуге 92 мың мектеп бітіруші қатысады, деп хабарлайдыТengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министріне сілтеме жасап.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр биылғы ҰБТ жайын сөз етті.
"ҰБТ форматына ешқандай өзгеріс енбейді. Жылдағыдай түлектердің тест тапсыруы ерікті түрде жүзеге асады. Биылғы оқу жылында республика бойынша 133 мың түлек мектепті тәмамдады. Белгілі болғаны, тестулеуге 92 мың түлек қатысады деп күтілуде. Оның 63 мыңы қазақ тілінде ҰБТ тапсыратын болса, қалған 28 мыңы орыс тілінде тапсырады. Түлектер 2-9 маусым күндері аралығында арнайы жабдықталған 155 пунктте тестілеуден өтеді. Базадағы тест тапсырмалары 176 мың сұрақты қамтиды. Оған қосымша 14 мың тест тапсырмалары дайындалды", - деді Аслан Сәрінжіпов.
Ұлттық біріңғай тестілеуге соңғы 10 жылда 1 миллион 335 мың адам қатысқан. Бұл жалпы мектеп бітіргендердің 80 пайызын құрайды. Тестілеуді ашық, әрі аса жоғарғы деңгейде өткізу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы тәжірибеден өткен өкілдері ҰБТ өткізілетін орындарда қатыстырылатын болады деп күтілуде.
tengrinews.kz