Порошенко Қырымды Украинаға қайтаруға уәде берді
2014 ж. 27 мамыр
1777
0
Президенттік сайлауда көш бастап келе жатқан украиналық миллиардер Петр Порошенко Қырымға қатысты Ресейді сотқа беретінін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК ақпарат құралына сілтеме жасап.
Сонымен қоса, Порошенко Украинаның Ресейге қарсы халықаралық соттарға, оның ішінде адам құқығы жөндегі сотқа да шағым түсіретінін айтты.Roshen кондитерлік компаниясының қожайыны "Украинада экономикалық шаралардың көмегімен Қырымды қайтару мәселесі қаралып жатыр. Сайлау Қырым мәселесін шешті. Қырым Украинанiкі болады" - деп мәлімдеді президенттіктен басты үміткер.
Сондай-ақ, миллиардер Қырымда президенттік сайлауға алты мыңнан астам дауыс беруші қатысқанын, олар Херсонскі және Николаевскі облыстарында дауыс бергенін атап өтті.
Қазақпарат