Виталий Кличко Киев мэрі сайлауында жеңіске жетті

klichko_2605УДАР партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Украина астанасы Киев қаласының мэрі сайлауында сайлаушылардың 57% даусын жинады.

Бұл туралы экзит-полл нәтижелерін жариялаған жергілікті телеарналар хабарлады.

Оның негізгі саяси бәсекелесі Жоғарғы рада депутаты Леся Оробец 10,3% дауыс жинаса, Киев қалалық мемлекеттік әкімшіліктің басшысы Владимир Бондаренко 8,2% жинады.

Қазақпарат