Үкімет оңтүстік өңір тұрғындарына солтүстікке көшуді ұсынды
2014 ж. 20 мамыр
1981
0
Елімізде ішкі көші-қон мәселесіне жіті көңіл бөлінбек. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі оралмандарды оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесін көтеруде.
Аталмыш бағдарлама бірнеше бағытқа бөлінген. Оның бірі - оңтүстіктегі ауыл-аймақтарда тұратын жастарға солтүстіктегі оқу орындарынан көбірек грант бөлу арқылы жүзеге аспақ.Бұл туралы көші-қон комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев айтты. Қоныс аударушыларға әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады. Оларға баспана немесе жер телімі беріледі. Сондай-ақ шағын несиелеу тәжірибесі де енгізілмек.
Теріскейге өз еркімен көшкен азаматтар жұмыспен және баспанамен қамтылады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасы Саламат Аманбаевтың хабарлауынша, ішкі көші-қон саласында "Еңбекпен қамту жол картасы 2020" бағдарламасын жетілдіру арқылы халықты оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру мәселесін қолға алынды.
nur.kz