"Протон-М"-ның құлауының себебі аталды

proton_1605Ұшыру кезінде жерге құлаған "Протон-М" зымыран-тасығышының үшінші сатыдағы басқару қозғалтқышы істен шыққан, деп хабарлады РБК.

"Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыранын ұшыру кезінде үшінші сатының басқару қозғалтқышының штаттан тыс жұмысының себебіне байланысты оны ұшырудың 545 секундында апат орын алды", - деп хабарлады дереккөзі.

Қозғалтқыштың апаттық сөнуі екінші және үшінші сатылар бөлімдерінің арасында болды. Ғарыштық зымыран саласындағы дереккөздің ақпаратына қарағанда, "Протон-М" Алтайда немесе Тынық мұхитының айдынына құлауы мүмкін еді.

Жақын арада апаттың себебін анықтайтын комиссия құрылады. Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран-тасығыштарын одан әрі ұшыруды тоқтата тұрады.

15 шілдеге белгіленген "Экспрес-АМ6" байланыс серігімен "Протон-М" зымыран-тасығышының ұшырылуы ауыстырылады.

"Экспресс-АМ4Р" телекоммуникациялық ғарыш аппаратымен ғарыштық мақсаттағы "Протон-М" жұмаға қараған түні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған болатын.

Бұл 2014 жылдың басынан бері жүзеге асырылған Ресейдің оныншы ғарыштық ұшырылуы. "Экспресс-АМ4Р" бүгінгі таңда Ресейдегі ең қуатты және жоғары технологиялы байланыс серігі болып табылады.