Назарбаева: Ескірген жүйемен білім алған кадрларда қандай сапа болады?
2014 ж. 16 мамыр
1755
0
Бiлiм беру саласында әлемдегi өзгерiстердi зерттеу және мониторингiлеу институты және оған жедел әрекет ету механизмi болуы тиiс.
Бұл туралы бүгiн парламенттiк тыңдау барысында Мәжiлiс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева мәлiмдедi, деп хабардайды BNews.kz.
"Тәуелсiздiк жылдары iшiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi өзгеріске ұшырағаны сөзсiз. Бiздің мемлекетiмiз өз тәуелсiздiгiнiң ең қиын жылдарының өзiнде де кадрлар даярлауға бөлiнетiн қаржыны шектеген емес. 1991-2013 жылдар аралығында бiлiм беру жүйесiн қаржыландару көлемi жалпы алғанда 9 трлн теңгеге жуық болды. Заңнамалық база жасалып, бiлiм берудiң мемлекеттiк емес секторы құрылды. Басқару мен қаржыландырудың орталықсыздандырылуы жүргiзiлiп, кадрларды даярлаудың үш деңгейлi кезеңiне және мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде ЖОО студенттерiнiң жаңа контенгентiн құруға көштiк. Бiлiм берудiң кредиттiк технологиясы мен мемлекеттiк жинақтау жүйесi енгiзiлдi. Орта бiлiм беруде 11 жылдық оқытуға өттiк және ҰБТ енгiзiлдi. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беруде ұлттық, аймақтық және салалық кеңестер құрылып, түлектердi тәуелсiз бағалау және сертификациядан өткiзу енгiзiлуде", - дедi Дариға Назарбаева.
Мәжiлiс төрағасының орынбасары бiлiм беру саласындағы жетiстiктерге қарамастан, халық арасында бұл салаға қатысты алаңдаушылықтың туындап отырғанын атап өттi.
"Басты проблема – жылдар бойы бiлiм беру мазмұны өзгермей жатыр, ал оған койылып отырған талаптар болса, айтарлықтай артқан. Көп жағдайда инновациялар ресми түрде мәлiмденiп жатқанымен, iс жүзiнде лекциялар ескi конспектiлер бойынша жүргiзiлiп, студенттер ескi оқулықтармен және 70-80 жылғы құрал-жабдықтармен бiлiм алуда. Осындай шарттарда тиiстi сапаны қалай қамтамасыз етуге болады?", - деп тоқталды ол.
Дариға Назарбаева алдағы жылдардың iшiнде автокөлiк жасау, әуе және теңiз транспорты, атом энергетикасы сынды елiмiзде жаңа өндiрiстер құрылатынын тiлге тиек еттi.
"Бұл салаларда даярлық қолға әлi алынбаған немесе ендi ғана кiрiсiп жатырмыз оған. Бiлiм беру жүйесi тым қолайсыз болып отыр. Нарықта сұранысы жоқ кадрларды даярлау жалғасып жатыр. Еңбек нарығы болжамдарын жасауды үкiмет ендi ғана қолға алуда", - деп атап өттi ол.
bnews.kz