Алматыда көше атаулары жаппай ауыстырылмақ

0_3_Uliza_Abay_Ugol_ulizt_GagarinaАлматыдағы ала-құла көше атауларын өзгерту жұмысы қолға алынды. Мораторийге байланысты бұл мәселе көптен бері тоқтап тұрған болатын. Ал оңтүстік астананың аумағы жыл сайын өсіп жатыр

Қаладағы жедел жәрдемнің диспетчерлік бөліміне күніне 5 мыңға жуық қоңырау түседі. Шақырту алған дәрігерлер GPS құрылғыларды пайдаланғанымен, берілген ақпарат бойынша науқасқа барар жолда адасатын кездер жетерлік.Маңайдағы ауылдар қосылғасын, ондағы көше атаулары мегаписпен қайталанатыны түсінікті. Бүгінде осындай 165 аттас көше және мүлдем атауы жоқ 89 көше бар екен. Осындай жүйесіздіктен әсіресе шұғыл қызметтердің жұмысы қиындай түскен. Алып шаһардағы 2 мыңнан астам көшенің негізгілері қала аумағының ұлғаюына, яғни жаңа елді-мекендердің қосылуына байланысты жиі қайтануда. Бүгінде осындай 165 көше бар екен. Мамандардың айтуынша қазақтың біртуар ақыны Абайдың есімін арқалаған көшелер оңтүстік астанада жетіп артылады. Кейді аты бір болғанымен заты мүлдем басқа болып шығады. Орталық даңғылға қарағанда Алматының шеткі ауданында орналасқан осы көше әлдеқайда тар, әрі көлік қозғалысы да аздау болып келеді. Ал Абай Құнанбаевтың есімін арқалаған көшелер саны Алматыда төртеу. Осыған ұқсас жағдай Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров пен Жамбыл Жабаев атындағы көшелерде де кездеседі. Бұдан өзге Алматыда атауы ескірген 50-ден астам көше бар екен. Сондықтан жақын арада Революционный, Красноармейский деген атаулардан арылу жұмыстары жүзеге аспақ.

Көше аттарын өзгертумен айналысатын арнайы комиссия өз жұмысын бастап та кетті. Қазір олар тақтайшалардың қай ауданнан бастап ауыстыратынын нақтылауда. Ал атауы қайталанатын көшелер санының артуы салынған мораторий мен қала аумағының ұлғайғандығына байланысты болыпты. "2014 жылы 17 сәуірде тағы да 23 мың га жер Алматы қаласына қосылып жатыр. Ол кезде де бізге міндетті түрде аты қайталанатын көшелер саны көбееді. Онымен де бірқатар жұмыстар атқаруға тура келеді", - дейді Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім бастығы Өтепберген Қалабай.

Жоспарланған жұмыс алдағы бір жыл ішінде толық аяқталуы мүмкін. Жобаға қанша қаржы жұмсалатыны қазірше ашық айтылмайды. Дегенмен тек бір көшедегі тақтайшаларды ауыстыру үшін кемінде 900 мың теңге қажет екен. Ал жаңа мекен-жаймен қатар тұрғындардың құжаттарын да ауыстыру үшін әуре-сарсаңға түсетіні тағы бар.

КТК арнасы