ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҚАЛДЫРУ КЕРЕК!

Қазақстан Республикасының  Сыртқы iстер министрі 

Қанат Саудабаев мырзаның  назарына!

sdc108291

Қытай Халық Республикасында тұрып жатқан бір жарым миллион қандасымыздың  Қазақстанға келу жұмысы ең әуелі  Сіздің құзырыңыздағы ҚР-ның Қытайда тұратын елшілігінің Үрімжі қаласындағы консулдық іс басқару бөлімінің виза берумен іске асады.

          Алайда, Қытайда тұрып жатқан қандастарымыз Үрімжі қаласындағы консулдық бөлімінің виза беруіне наразы болып отыр. Әсіресе, көші-қон және білім алу жолымен келетін қандастарымыз аталған органның үстінен үздіксіз шағымдануда.

           Қазақстан-Қытай арасындағы  көші-қон туралы арнайы келісім шарттың жоқтығы мен Үрімжі  қаласындағы консулдық қызмет  аясының тарлығын сылтау еткен, ондағы қызметкерлер  қандастарымыздың көшіне жүйеден  виза алуына көптеген кедергілер жасап келеді. Көшіп келемін  деушілерге Үрімжі бөлімшесі Астана қаласындағы СІМ-ден шақыру (факс) сұрайды. Ал, Алматы және  Астана қалаларындағы Сыртқы істер департаментінің бөлімдері ондай  өтініштерді бірден қабылдай алмайды. Сол себепті де көші-қон визасына қолы жетпеген ағайындарымыз  жеке сапарымен келуге мәжбүр болады. Қазірге дейін көші-қон жолымен келдік дейтін ағайынның көбі  жеке сапар визасымен келіп, тұрақты тіркеуге отырғандар.

             Енді ондағы қандастарымыз  тарихи Отаны – Қазақстанға оралуда сол жеке сапар визасына да  қолдары жетпей, туристік визамен келіп жатыр екен. Қытайда  тұратын қандастарымыздың көп   Бөлімі ауылды жерлерден келетін,  егінші-малшы болғандықтан визаның түрлерін біле бермейді.

          Әйтеуір, Үрімжідегі консулдық   Бөлімшесінің есігін сығалап: «Қазақстанға барамыз» дегенді  ғана айта алады. Алайда, сол сөзді  айту үшін де олар консулдық  бөлімшенің қызметкерлеріне тіке  сөйлесе алмайды екен. Есікке   қойылған қарауыл оларды тек ғана кезекке тұрғызып, кері қайтарады.

         Виза алушылар көбейген маусымдарда кезектің уақыты 3-4 айға  дейін созылады екен. Осындай  қиын жағдайларда ауылдан келген аңқау қандастарымыз виза алу үшін босаға аңдыған делдалдарға  жалынышты болады. Ал, делдалдар тиісті ақшасын алған соң, кезекке қаратпай визасын тез арада  алып береді екен. кінішке орай, олардың қолы тез жететіні туристік  виза болса керек. Соның салдарынан жыл басынан бері қарай 500 - ден астам қандасымыз Қазақстан  топырағына көшіп келеміз деп  туристік визамен кірген. Қазір сол туристік визамен келушілердің   көпшілігі Алматы облысы, Шығыс  Қазақстан облысы, Алматы қаласы   сияқты жерлерде сандалып жүр. Бір  бөлімі құқық қорғау органдарының қудалауымен келген еліне еріксіз  қайтарылды.

          Мәселен, 2010 жылдың 24-ші  мамыры күні Алматы облысы Көксу  ауданы Мұқаншы ауылына көшіп  келген 30 шақты оралман бізге арнайы хабарласты. Олардың айтуынша Талдықорған бойынша 150 адам  туристіквизамен келіп, не істерін білмей отыр екен. Олардың алды  80 жастан асқан шал-кемпірлер,  арты 2-3 айлық сәбилер. Аяғы ауыр  әйелдер мен ауру-сырқау адамдар  да бар екен. кініштісі – кейбір  отбасының әке-шешесіне жеке сапар  визасы берілсе, балаларына туристік  виза беріліпті.

            Олар Алматы облыстық көші- қон полициясына барған екен. Олар бір - ай ғана тіркеуге тұрғыза  алтындығын айтып, 24 ші маусымға дейін Қазақстан аумағынан шығып кетуді бұйырыпты.

           Көші-қон полициясынанан күдерін үзген олар көші-қон  комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің директоры  Әлібаев Жұмағали Айтжанұлына  кірген екен. Ол: “бұл іс біздің де  қолдан келмейді, Қытайға барып  визаларыңызды жеке сапарға  өзгертіп келіңіздер. Бұл жұмысты шешу Қанат  Саудабаев мырзаның құзырындағы Сыртқы істер министрлігінің ғана   қолынан келеді”, - деп дәрменсіздік   танытыпты.

          Заң бойынша олардың Қазақстанға келіп тұрақты тіркеуге  отыра алмайтыны шын. Олай болса, олардың алдында – не келген  жеріне қайтып кету, не визасын  жеке сапарға өзгертіп, қайтадан  көшіп келу сынды екі жол тұр.

           Алайда, ата-мекенімізге жеттік  деп көңілін енді ғана орнықтыра  бастаған  қандастарымыздың кері  қайту ойы жоқ. Үрімжіге барып визасын өзгертіп келуді қалталары көтермейді.

            Егер Қазақ мемлекеті қаракөз  қандастарына жаны ашыса, оларды өз отанында алып қалу керек  қой. Біз Жасылдар Руханият Партиясы атынан Сізге арнайы өтініш  білдіру  арқылы қандастарымызды  Отанына алып қалудың жолдарын қарастыруыңызды тінеміз.  Мүмкін болса, олардың туристік  визасын жеке сапар визасына  өзгертіп, тұрақты тіркеуге тұруына  жағдай жасасаңыз екен. Және де  мұндай келеңсіздіктердің алдын алу  үшін Сыртқы істер министрлігінің  құзырында жұмыс атқаратын  Қытайдағы елшіліктің жұмысын   қадағалап, қандастарымыздың от-анына оралуына жеңілдік жасауды   қарастыруыңызды сұраймыз.

 

Серікжан МӘМБЕТӘЛИН,

Руханият Жасылдар

Партиясының төрағасы