Әділет вице-министрі тағайындалды
2014 ж. 12 мамыр
1582
0
Бақытжан Әбдірайым ҚР Әділет вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасай отырып.
Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым Жоғары Арбитражды Сотының судьясы, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, ҚР Судьялар Одағының төрағасы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ ол ҚР Парламентіндегі ҚР Президенті Өкілдігінің Басшысы, ҚР Парламенті Сенатының Аппарат Басшысы болған. Ақмола технология және бизнес университетінің ректоры, ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілік жөніндегі комитет төрағасы, ҚР Парламентіндегі ҚР Президенті Өкілдігінің Басшысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ-ның Президенті қызметтерін де атқарған.
Ол 2013 жылдың 2 қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болды.
tengrinews.kz