Ел бастаған ерлерге – ескерткіш қойылды

d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b2-d0bad0b5d180d0b5d0b9-d0bcd0b5d0bd-d0b6d399d0bdd196d0b1d0b5d0ba-d0b5d181d0bad0b5d180d182d0bad196         

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі алдындағы  саябақта орнатылған «Керей мен Жәнібек» мүсіндік-көркем композициясын ашты.

          Президент рәсімді ашу барысында  15 ғасырдың екінші жартысында біздің бабаларымыз Керей мен Жәнібектің  туы астына топтасып, тарихта алғаш реет дербес мемлекетін – Қазақ хандығын  құрғандығын атап өтті.

- Нақ сол кезде тарих сахнасына  шыққан «қазақ» деген сөз «егемен, еншісін алған еркін ел» деген мағына береді. Біз  өз тарихымызда Керей мен Жәнібектің қазақ мемлекеттігінің негізін қалауға  қосқан үлестерін ерекше бағалаймыз.

         Сондықтан бүгін зор ризашылығымыз  бен құрметіміздің белгісі ретінде біз осы ескерткішті ашып отырмыз. Бұл үшін  символдық ерекше мәні бар орын таңдалды.

         Осы жерде 1997 жылы желтоқсанда Тәуелсіз  Қазақстан Республикасының жаңа астанасы орнықты, - деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында осынау тарихи тұлғаларға  мәңгілік ескерткіш орнату тарихи-мәдени мұраларымызды қастерлеп, қадір тұтқан  бүгінгі ұрпақ құрметінің айқын белгісі  екенін атап өтті. Астанада Кенесары  ханның ескерткіші, қазақтың үш биінің  ескерткіші және өзге де монументтер бой  көтерген.

           Қазақ хандығының іргесін қалаған  Керей мен Жәнібекке ескерткіш еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен орнатылды.

           Ескерткіштің жалпы биіктігі 12 метр.

           Жобаның авторы - астаналық жас мүсінші   Ринат   Әбенов