Басты мақсат – БАҚ сапасын көтеру

2
963

           Жақында Қазақстан Республикасы  Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев бас редакторлар клубымен кездесіп, «Қазпошта» АҚ қызметтерінің 10 % төмендегенін хабарлады.  Кездесу басында Байланыс және ақпарат министрлігінің басшысы әріптестерімен  ақпарат саласын дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті және осы бағыттағы жұмыс нәтижесін баяндап берді. Асқар Жұмағалиев бұрын медиа-қауымдастықтардың қатысуымен өткізілген шаралар министрлікке елі міздің ақпарат нарығындағы нақты жағ дайды білуіне  септігін тигізгендігін атап көр сетті. Алдағы уақытта қатысушылар мен ми нистрліктің осындай өзара қарым-қатынас қалыбы болашақта да басшылыққа алынатыны ескерілді.

           А.Жұмағалиев ҚР БАМ қызметі медиа-нарықтың  тікелей қатысушыларының көзқарастары  тұрғысынан ұйымдастырылуы қажет.

         Кездесу барысында шараға қатысушылар  барлық нарық субъектілері үшін бәсекелестік жағдайы, сондай-ақ логистика мәселелерін  көтерді.

         Қазіргі уақытта дайын өнімге үстеме  шығындар шамамен 40 пайызды құрайды,  оның үстіне кейбір жағдайларда бұл сан 50  пайызға дейін көтеріледі. Асқар Жұмағалиев қатысып отырған БАҚ редакторлары мен  жетекшілеріне «Қазпошта» АҚ қызметтерінің 10 % төмендегенін хабарлады.

         Шара барысында министр цифрлық  теледидарға көшу шеңберінде өткізілген жұмыс, «Телерадиотарату туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының қызмет нәтижесі туралы хабарлады. А. Жұмағалиев  қазақстандық БАҚ сапасы мәселесіне ерекше назар аударды. Мемлекеттік бұқаралық  ақпараттық құралдарының деңгейін көтеру   қажеттігін атап өтті.

 

2 ПІКІРЛЕР

  1. Телеарналадағы қазақ тілді хабарларды ең кемі 75 пайызға жеткізсе, жас министрдің жарағаны болар еді. Мұндай жетістікке әлі ешқандай министр жеткен жоқ.

  2. «Қазпоштаны» 10 пайызға төмендетсе, министр Жұмағалиевтың жұмысы нәтижелі деуге болады. Енді «Дауыс» секілді бөлшек саудадағы монополист,қазақ басылымдарын тұншықтырушы мекемені тәртіпке шақырса, қатып кетер еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз