Қостанайда жоғалып кеткен қызды беймәлім ер адам жетектеп бара жатқан
2014 ж. 10 мамыр
2076
1
Қостанайдағы жоғалып кеткен жеті жастағы оқушы әлі күнге дейін табылған жоқ. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана баласының не өлі, не тірі екенін біле алмай отыр.
Он бес күннен бері бауыр еті баласы туралы бірде-бір хабар ала алмай отырған олар тағы да халықтан көмек сұрауда. Полицейлер 7 жасар Виктория Ганяның жоғалып кетуіне нәсілі еуропалық, орта бойлы 30-35 жастағы ер адамның қатысы болуы мүмкін деп отыр.
Әлдебіреулер Рудный қаласынан 3 шақырым жерде Викаға ұқсайтын қызды жетектеп бара жатқан ер адамды көрдік деген ақпар беріпті. Алайда, бұл деректің іздестіру жұмыстарына көмегі болмай тұр.
Тәртіп сақшылары Қостанай облысының барлық азаматтарына осы факт бойынша қандай да бір мәлімет болса, Рудный қаласының ішкі істер департаментіне хабарласуды өтінеді.
7 канал