
Жол-көлік апаты Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің Шиелі ауданы Тартоғай елді мекенінің тұсында орын алған. Оңтүстік Қазақстан облысына қарай бет алған жолаушылар мінген Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен Қызылорда қаласына қарай қарсы бағытта келе жатырған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі соқтығысқан. Екі көлікте барлығы 19 адам болыпты. Өкінішке қарай, оның 8-і оқиға орнында жан тәсілім етсе, 2-еуі жедел жәрдемде көз жұмған. Ауыр жараланған 6 адам Шиелі аудандық ауруханасына, 2-еуі облыстық медицина орталығына жедел жеткізілді.