Киевте 9 мамырда әскери шеру өткізілмейтін болды

parad0805Киевте арандатушылықтың алдын алу мақсатында Ұлы Отан соғысы мұражайы маңында өткізілуі тиіс әскери техникалар шеруі өтпейтін болды.

Сонымен қатар 9 мамырға жоспарланған ардагерлердің мерекелік шеруі де өткізілмейді, деп хабарлайды BNews.kz Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз бірқатар саяси ұйымдармен және ардагерлер ұйымдары өкілдерімен кеңесе келе, арандатушылықтың алдын алу мақсатында биылғы жылы көпшілік шараларды өткізбеуге келістік", - деді КҚМӘ басшысы Владимир Бондаренко.

Бондаренконың сөзіне қарағанда, Жеңіс күніне арналған шаралар аудандар мен мұражайларда өтеді, сондай-ақ барлық ескерткіштерге гүл шоғы қойылатын болады.

Киевте Мемлекет басшысының қатысуымен Даңқ алаңындағы Мәңгілік алаудың оты жағылады. Бірақ ешқандай марш пен әскери техникалар шеруі өткізілмейді. Кешке дәстүрлі отшашу болады.

bnews.kz