Қызылағаштықтар Көкпектінің зардап шеккен тұрғындарына көмек жіберді
2014 ж. 06 мамыр
1441
0
Бірнеше жыл бұрын су тасқынының астында қалып, жойқын апаттан зардап шеккен, кейіннен қайта қалпына келтірілген Алматы облысындағы Қызылағаш ауылының тұрғындары Қарағанды облысының Көкпекті ауылына гуманитарлық көмек жіберді.
Атап айтқанда, Ақсу ауданының тұрғындары көкпектіліктер үшін жәрдем ретінде 10 тонна азық-түлік өнімдерін, оның ішінде ұн, қант, макарон өнімдерін, өсімдік майы мен түрлі тәттілерді жіберген. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының өкілдерінің жеткізуінше, зардап шеккен елді мекен тұрғындары қызылағаштықтарға зор алғыстарын білдірді.
Қазақпарат