ҚАРАҚАЛПАҚСТАНДЫҚ ҚАЗАҚТАР

Ауылы аралас, қойы қоралас, қыз алысып, қыз берiсiп, тырнақ пен еттей болып отырған көршiлес қарақалпақ елi кешегi кеңес өкiметi тұсында Қазақ стан нан, соның iшiнде  Қызыл орда дан бө лек шыққан ел. Қазiр онда 1 мил лион 300 мыңнан астам халық тұрады. Не гi зi нен ол жер дегi халықтың ба сым көп шiлiгi - өз бек , қара қалпақ, сосын қазақ тар.  Қазақтар тұрғын дардың үштен бiрiн құрайды. Өзге ұлт өкiлдерi сирек, тым аз.            Ескi шежiреге көз жүгiртсек тағдыры мен тарихы, жүрегi мен тілі бір сол қарақалпақтардың кейiнгi қонысы бiздiң Арал өңiрi екен. Қазақтың әйгiлi, ғұлама ғалымы  Әуелбек Қоңыратбаевтың жазуына қа рағанда 1811 жылға дейiн олар Сырдың батыс жағалығында тұрып,  сансыз қала, мазар лар салған көрiнедi. Қазiр сол жерлерде арық-атыздардың орны сақталған. Бар шын дария, Iңкәрдария, Жаңадария, Қуандарияларға су бармай қойған соң, қарақалпақтар Әмудария жағалығына қоныс аударған.               Тарихи деректерге қарасақ қазақ, өзбек, қарақалпақтар ертедегi сақ, масса гет, хун тайпаларынан тарайды. Олар Х ға сыр да Сыр бойын дағы оғыз-қыпшақ ұлысына енген. Сол уақыттағы қара қалпақтардың  мекен-жайы, қонысы Едiл бойы екен.               Қазаққа түркi халықтарының iшiнде бет-жүзі, тiлi мен дiнi, салт-дәстүрiнің қай жағынан болсын ең жақыны -қара қал пақтар. «Сөйлес кенде сөзiмiз бiр ағайын, сұрасқанда түбiмiз бiр ағайын» деп қарақалпақ халық шайыры Садық Нұрымбетов тегiн жыр ламаған.                Өткен ғасырдың 70 жылдары Алма тыға док тор лық диссертациясын қорғауға сол елден Нөкістен келген ғалым  Айман Нәжiмовке «Қара қал пақ қай халыққа жақын» деп сұрақ қойылған екен. Сонда ол еш iркiлместен. «Сөзi жағынан - қазаққа, әнi жағынан - түрiкменге, жерi  жағынан-өзбекке» деп жауап берiптi. Әрине, мұндай дәл тауып айтылған сөздер екi ел ара сында аз емес. Әсiресе, аңыз-әңгiмелер көп-ақ. Қалай десек те бiр-бiрi мiз бен  бауырлас, түркi тiлдес халықтар екенi мiз айдан анық.              Түбi бiр, туысқан сол халық өз алдына отау тiккенде Кеңес өкiметiнен еншi алып берген хал қы мыздың дара  ұлы, Қазақстан үкiметiн бас қарған Сәкен Сейфуллин едi. Оны тек бiздiң та рих шылар ғана емес, қарақалпақтардың көзi қарақты зиялы қауымы тегiс бiледi. Одақ ақсақалы М.Калинин «Қәне, оның қандай ұлттық на ма лары (әндерi) бар» дегенде, ұйымдас тырушы жiгiт Аллаяр  Досназаров «Боза тауды» зарлатып қоя берген екен. Бұл  олар дың бiздiң «Елiм-айға» ұқсас әнi.             Жаңадан шаңырақ көтерген отауға Қазақ стан әуелде көп көмек көрсеттi. Олардың ұлттық кадрларын өзiмiздiң  жоғары оқу орындарында даярлады, оқытты, тәрбиеледi.             Мәселен, Сыр елiнде туып-өскен, ұлты қарақалпақ Әбу  Құдабаев сынды шыңда шыңдалған азамат тарды жас  Қара қал пақ мемлекетiнiң ірге тасын қалап, керегесiн кеңейтуге, еңсесiн көте руге жiбердi. Олардың iшiнде бiздiң қазақтың қабырғалы азамат тары да болды.             Олардың кейбiреулерi кейін сол елде тұрақтап қалып  қойды. Қарақалпақтың бiр перзентi болып сонда сiңiсiп кеттi. Олар бауыр лас елдiң салт-дәстүрін, әде биетiн, мәдениетiн, өнерiн бес сау са ғындай мең герiп алды.                Тiптi қолдарына қалам ұстап, қара қалпақтың көркем сөз  өнерiн ұршықтай үйiрiп әкеттi.           Мырзағали ДӘРIБАЕВ Жазушы. Оның есімі қарақалпақ әдебиетiнiң негізін қалау шылардың қатарында еске алына ды. Әсiресе, оның шоқтығы биік  шығармасы - ауыл тақырыбына арналған сол тілдегі «Мыңлардың бiрi» повесi. Қолына  қалам ұстаған қарақалпақ әдебиетiн зерттеушiлердiң оған соқпай кет пей тiнi жоқтың   қасы. Бiздiң нағыз Бейiмбет Майлин десе болады. Шығармаларының тiлi төгiлiп тұр, өлеңдей   оқылады.           Ысмайыл САҒИТОВ Ғалым. Ұлты қазақ болса да қарақалпақ ауыз әдебиетiн жан-жақты зерттеген, фольклорын жинастыруға ат салысқан  бірден-бір әдебиетшi. Бердақ атын дағы  мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты. Филология   ғылымдарының докторы, збекстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесi. Оның жазған еңбектерi университет пен институттарда пән ретiнде оқытылады. Сыражатдин АХМЕТОВ Бұл да ғалым, филология ғылым дарының док торы. Бердақ атындағы мемлекеттiк сый лық тың лауреаты. Қарақалпақ әдеби сынынан ғылыми жұмыстар қорғаған. Көптеген  ғылыми еңбектердің авторы, жастардың   ұстазы. Қарақалпақ әдебиетi мен теор иясын  бiздiң Зейнолла Қабдоловтай «iшiп алған»,  алдына жан салмайды. Оның лекциясын тыңдаған студенттер әдебиет аулынан алыстап кетпейдi. Әрбiр сабағын жатқа оқитын Сыражатдин Ахметов тiлiнiң «мәриям шөбi  бар ұстаз, ғалым» дейдi құрдастары. Жасы  кiшi әдебиет шiлер болса «Бiздiң Сыр аға» деп  құрмет тұтады. Қалай деген күнде де ғылым соқпағына, әдебиет әлемiне шын берiлген тамаша әдебиетшi едi. Қарақалпақ станның қай түкпiрiне барсаң, оның алдынан дәрiс  алмаған шәкiрт табу қиын. Себебi, ол тек қана Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттiк университетiнiң оқытушы-про фес соры болып қалмай, бiр кездерi Т.Г.Шевченко атындағы пединс ти туттың филология факультетiнiң қазақ бөлiмiне де сабақ берген, ғұлама ғалым  ұстаз болатын. Сондықтан да қазақ-қара қалпақ мектептерiндегi әдебиет пәнiнiң мұғалiмдерi  «Сыраж ағаның шинелiнен шықтық» деп  мақтан етедi. Жұмабай ТӘШЕНОВ Бұл есiм қазақ елi мен қара қалпақ халқына  жақсы таныс. Ол - жазушы, журналист, публи-цист, аудармашы. Қазақ, қарақалпақ, орыс, өзбек тiлдерiн емiн еркiн меңгерген әрi осы тiл дерде шығармашылық жұмыс iстеген, дарынды қазақ перзентi. Қарақалпақстанның пайтахты (астанасы) Нүкiс қаласына жақын  жердегi Нүкiс ауданында дүниеге келген. Соғысқа барған, жоғары партия мектебiн  бiтiрген. Сол елде қарақалпақ жазушыларының  органы «Әмудария» журналында бас редактор қызметiн атқарған. Пролетариаттың ұлы  Көсемi В.И. Ленин шығар маларын май ын тамызып, тұңғыш рет қара қал пақ тiлiне аударған  шебер аудар машы. Өзiнiң тіл шығармаларын  да сол тiлде сөй леткен, таланты жазушы. Кейiн  Алматыға көшiп келiп, «Жазушы» баспасында жұмыс iстеп, бiрыңғай шығармашылықпен  айна лысты. Көптеген тамаша роман, повесть, пьесаларды дүние ге әкелдi. Кейбiр спек такльдерi әлi күнге дейiн театр сахнала ры нан түспей  келедi. Өткен ғасырдың 60 жылдарының ортасы қазақ әдебиетi мен өнерi үшiн үлкен өрлеу жылдары болды де сек қателеспеймiз. Не бiр айтулы шығар малар дүниеге кел дi. Олар сол кез дегi елiмiздегi жоғары сый лықтарға  ұсынылып жатты. Ақын-жазушы ларымыздан Әнуар Әлiмжанов, Олжас Сүлейменов, Тахауи  Ақтанов туынды ла ры, кино-театр саласында «Ана-жер –Ана» спек таклi мен «Ана туралы  аңыз» фильмдерi Лениндiк сыйлыққа лайықты деп ұсыныл ды. Сол сыйлыққа жi берiл ген  дүниелердiң бәрi де осал емес едi. Жарық  дүниеден ұлы жазу шы М.Әуезов өткен соң, жаман шығармалар жазбауға уәде берген, шығармашылық авторлары сол тұстағы одақ әде биетiнiң ең ал дыңғы қатарынан орын алғанын бүгiнгi көзi қарақ ты аға буын өкiлдерi жақсы  бiледi. Дейтұрғанмен, аяқтан шалар қазақы бақ таластықтың кесiрiнен бұл авторлардың  еш қай сысы жоғары сыйлық қа ие бола алмады. Бәрi құр қалды. Неге?  Мәселен басқасын былай қойып, аты дүйiм  елге мәлiм, «Қазақ фильмнiң» алтын қорына  енген «Ана туралы аңыз» фильмiн алайық. Ол неше жыл дардан берi қай таланып, көрсетiлiп  келе жатса да, көрер мендер көруден әлi  жалықпайды. Қай та жаңа көргендей ынтығып  отырады. Кино фильм нiң сценарий авторла ры - жазушы Жұмабай Тәшенов пен Игор  Саввин едi. Ана рөлiн сомдаушы атақты әртiс Әмина   Өмiрзақова. Обалы не керек, қазақ  кино өнерiнiң ең бiр сәттi туындысы ата лас тың аты озсынның кесiрiнен лайықты жүлдеден  бос қалды. тер iс өттi, енді бұл мәселені неге қозғап отыр деген ой тууы да мүмкiн ғой. Бiздiң айтпағымыз дарынды ұл-қыздарымызды  марапаттауға келгенде көршiлес елдерден көш  Төмен екендiгiмiз. Осы жағы жаны мызға батады. Болмаса, құдай көпсiнбесiн, қай салада да не  деген дарынды шығар машылық иелерiмiз бар. Әттең, солардың кей де тиiстi сы бағаларынан  құр қалып жатқанын естi генде бар мағыңды  ерiксiз тiстейсiң. Сондайда егер Мұхтар Әуезов болмағанда қырғыздың Шыңғыс Айтматовы осынша атақ, даңқ, құрметке ие болар мА едi, болмас па едi, кiм бiлсiн дейсiң? Мұны  бiз қыз ғаныш тан айтып отырғанымыз жоқ.  Барды баға лауға келгенде iш мерездiктiң етекке жабысып қал майтындығы. Егер Жұмабай  Тәшенов сол жолы Лениндiк сыйлыққа ие болғанда әде би етi мiздiң мерейi мұнан бетер  үстем болып, көкке көтерілмес пе едi деймiз  ғой баяғы. Алтынның қолда барда қадiрiн бiле  бермейтiнiмiз әлiге дейiн бiзде қалмай келедi- ау? Туысқан қарақалпақ елiнде туған, мақтан  етер қандас тары мызды әңгiмелегенде осындай   тамаша талант иесi Жұмабай Тәшенов тiң болғанын еске алып өтсек, өткендi ұмытпағанымыз  емес пе?   Төлеген АЙБЕРГЕНОВ Небәрi отыз жыл ғана жасындай ғғұмыр  кешiп, қазақ сөз өнерiне өшпес қолтаң басын қалдырған ақын Төлеген Айбергеновтың атын бiлмейтiн бүгiнде кiм бар дейсiң?   Қашаған ақын мен әр рухты Махамбеттiң  сем сер жыр ла рындай әде биет ке нөсерлетiп  келген оның өлмес өлең дерi «ақ жаңбырлар   тоз дырған тау сияқты өз биi гiнде» қалды. Ол  қазақ өлеңiне соны жаңа лық әкелген ақын. «Сағынбай барсаң таулар да сенiң алдыңнан  шықпас асқақ тап, ойлай сың сол кез дүниенi  мы нау кеткен бе екен деп тас қап тап» келетiн  дүйім жұртқа белгiлi «Сағыныш» атты өлеңiн  оқыңыз. Мұндай өлеңдi бұрын кiм жазып едi? Осы Төлеген әкелген ұйқас, соны леп бүгiнде  қазақ поэзиясының төрiнен орын алып, талай қауым ның шөлiн сусындатып жүр. Мiне,  Төлеген нiң қазақ әдебиетiндегi көптеген ақындардың iшiнен даралығын, нағыз жыр  сәйгүлiгi екенiн танытып тұрған құдiретi. Сол ақиық ақын да қарақалпақстандық.  1937 жылы Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ташкенттегi Низами атындағы   пединституттың филология факультетiнде оқып, бiлiм алған. Институтты бiтiргеннен  кейiн Қоңыратқа келiп, мек тепте мұғалiм болып қызмет атқарған. Институтта бiрге оқыған  өмірлік жолдасы Үрнисаға үйленген. Ол да сол аудандық комсомол комитетiнде басшы лауазымда iстеген. -Төлеген ғажап шайыр едi - дейдi нөкiстiк  қарт журналист, Өзбекстан-Қарақалпақстан респуб ликаларына еңбегi сiңген журналист Қалибек Бекжанов ақсақал. -Мен  республикалық «Жас Лениншіл» газетiне редактор кезiмде ол өлеңдерiн, мақалаларын  бiзге әкелiп тұратын. Ақиқатын айтуымыз  керек, оның «Сағыныш» сияқты (өлеңдерiн) аудару оңай емес едi. Қинала тын едік. Әрине,  мен өзiм аудармасам да, өзiмiздiң таланты шайырымыз Төлепберген Мәтмұратовқа қарақалпақ тіліне аудартатынбыз. Ол да Төлеген сияқты күштi шайыр едi, ара мыздан ертерек   кеттi. Барын салып, Төлегеннiң дiттеген ойын, идеясын өз аудармасында дәл жеткiздi ғой деп  айта аламын. Әсiресе, оның «Қарауым бет» деген өлеңі менiң есiмде сақталып қалыпты  -Қалибек аға, Т_легеннiң «Кегейлi  дәптерiнен» өлеңдерiн оқыған кiсi оны сол   Кегейлi ауданында өскен екен деп те ойлайды   емес пе ? - те дұрыс айтасың -  «Су алған сайда анамның , Сырғасы қалған Кегейлi, Сырласы қалған Кегейлi» - деп келетiн жыр шумақтарын оқыған кiм де болса Төлегендi Кегей лiде туған екен ғой деп ойлайды. Шын  мәнiне кел генде олай емес, қоңыраттық қой Төлеген. Онымен талай тұздас-дәмдес болдық. Па, шіркін ағып тұрған, көңілінде қылаудай  кірбіңі жоқ, аңқылдаған нағыз қазақ еді ғой.  Қазақ болсаң сондай бол! Шақырылмаған  қонағына астындағы жалғыз атын сойып беретін марқасқа жігіт болатын. Ал енді сұрағыңа оралайын. Шайыр деген  бiр нәрсеге иiп кет се бүкіл дүниені ұмытып,  шабыт танып, үйiп-төгiп тастайтын әдетi  емес пе? Әйтпесе, оның сол Кегейлiде туғаны  маған да мақтаныш болар едi ау, Төлеген менiң   жерлесiм деп күллi жұртқа мақтанып жүрер  едiм -деп Қалибек аға бiр күлiп алды. Сол Төлеген Айбергенов өмiрiнiң соңғы  жылдарын Қазақстанда өткiздi. Күллі әдебиет шiлердiң назарын өзiне аударған дарынды ақынның қамшының сабындай қысқа ғұмырында «Арманға сапар», «Өмірге саяхат»  деген пышақтың қырындай кiтаптары ғана жарық көрдi Қайтыс болған соң «Құмдағы   мұнаралар» кiтабына Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берiлдi. «Мен саған ғашық  едiм», «Бiр тойым бар» тағы басқада жыр жинақтары өлең сүйер қауымның қолынан  түспейтiн кiтаптарына айналды десек артық айт қандық емес. Ақын дүниеден ертерек өттi. Шығармашылығының нағыз «көктемнiң жазға ұласар жайсаң шағында» (Әбiш Кекiлбаев) сұм  ажалдың құрығына iлiнiп, арамыздан тым ерте кеттi. Нүкiске сапарында 1967 жылы көз  жұмды. Денесi «көлеңкем түспесiн деп тiк тұратын» өзi туып-өскен Қарақалпақстанда  қалды. Басына қойылған мәрмәр құлпытасқа  «Іле берсiн күншiлдер күйiгiнде, Өз ғасырым өзiмнiң иiнiмде. Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,  Мен өлемiн өзiмнiң биiгiмде» деген өзiнiң әйгiлi өлеңiнiң бiр шумағы жазылды. Қазiр Нүкiстегi Бердақ атындағы университетте Төлеген Айбергенов атындағы әдеби бiрлестiк жұмыс iстейдi. Онда Төлегеннiң  iзiнен ерген iнi-қарындастары түрлi шаралар өткiзiп, ақын рухын асқақ татып келедi. Төлеген жарық дүниеден өткеннен берi оған арнап өлең жазбаған қазақта қалам  иелерi жоқ. Бiр құдiреттi жерi сол өлеңдердiң  қай қайсысын оқысаң да Төлегенге қашап  жазылған ескерт кiштей, шын жүректен төгiлiп шыққан кәусар жырлар. 8 наурыз - ақиық ақынның туған күнi. Жыл сайын осы күнi Мұхтар Шаханов бастаған дос-жарандары ақын үйiнде болып, естелiктер айтып, Төлегенге деген махаббатын сөндiрмей, жалғастырып келедi. Сөйткен шабыт перзентiнiң дүниеден  өткенiне де 40 жылдан асып барады. Көзiнiң  тiрiсiнде «оқырман да рын аз-барымен риза  қылған» оның есiмi жыр құмар жандардың жадында мәңгi сақталмақ.   Әзиза НҰРМАХАНОВА Қайраткер, ғалым, жазушы. Мойнақ ауданын да туып-өскен қазақ қызы. Қарақалпақстанда Бiлiм министрi қызметiн атқарған. Қарақал пақ тiл ғылымының алғашқы  қарлығашы. Ол осы тiлден кандидаттық ғылыми зерттеу жұмысын жазған. Кейiн Алматыға   көшiп келген соң докторлығын қорғаған. Көп жылдар бойы Қазақ университетiнде, Шет тiлдер институтында кафедра басқарды. Ғылымға бейiм жастарға қол ұшын созды. Өз-апаның Қарақалпақстан мен  Қазақстанда көп те ген шәкiрттерi бар. Екi елдiң  әдебиетi мен мәдениетiн, ғылымы мен білімін терең меңгерген сол Әзиза апамыз мұнан  оншақты жыл бұрын дүниеден өттi. Әзиза апа Нұрмаханова ғылыми жұмыспен  бiрге шы ғармашылықпен де айналысты. Оның қаламынан «Қыздар», Шығыс шынары», «Ұл бала» көркем, деректi шығармалары жарық көрдi. Қарақалпақстаннан шыққан  қайраткер қыз туған халқына ғалымдығымен қатар шығар машылық саласында еңбек етiп,  перзенттiк өз үлесiн осылай қосты.   Жұбатқан МҰРАТБАЕВ Сыр елiнiң тумасы. Қармақшыдағы  орта мектептi 1956 жылы бiтiргеннен кейiн  Самарқанд қаласындағы ауылшаруашылығы институтында оқып, мал дәрi герлiк мамандығын алып шығады. Содан сол елде қалып,  Бұқара, Қарақалпақ жер лерiнде мамандығы бойынша еңбек етедi. Қазақ, Қарақалпақ, өзбек халқы ның зиялы қауым өкiл дерiмен тiлдесiп, көптеген тарихи шежiрелер жинай ды. Жыр  елiнде өскен құйма құлақ Жұбатқан Мұратбаев естiгенiнiң бәрiн ақ қағазға түсiрiп, күн дердiң күнiнде керек болар деп «сырсандығына» жинап, сақтай бередi. Сол тiр нектеп жинаған  дүниелерi елiмiз тәуел сiздiкке жет кен нен соң жүзеге асады. Жұбекең дереу қаламын қолға  алып, талай-талай тарихи құжатты, көркем шығарма ларды дүниеге әкелдi. - Менiң шығармаларымның түп-төркiнi  Сыр елiнде өткен белгiлi ғұлама Қарабазар кете Алдашбай Ахұнның баласы Асан мақсымнан  басталады. Ол бүкiл са налы өмiрiн туған елiнен  жырақта өткiзген, араб, парсы, орыс тiлдерiн тәп-тәуiр меңгерген кiсi. Бұдан басқа Қарақалпақ станның Шымбай ауда нында тұрған ақкете Ербөлекұлы Иман, Баймағамбет, Тәжет молдалардан, сондай-ақ, збекстанның Бұқара облы сының Тамды ауданындағы Iскендiр Мәтжүсiп ұлынан, Науайы облысының Нұрата ауданындағы 3500 жылдық тарихы бар Нұрата әулиенiң шырақшысы ишан Ахметжан, Мүбiжан, Истамжан Атаев тардан жазып алған едiм –дейдi Жұбатқан Мұратбаев кiтаптарының шығу тарихы жайлы айта келiп. -Жинап-тергендерiмнiң iшiнен Атаевтар  әулетiнен Әйтеке би бабамызға байланысты құнды деректердiң орны ерек ше. Оны «Айыртилли, әдил үүнли адамлар» деген Әйтеке би шешенге байланысты кiтабымда кең пайдаландым. Сондай-ақ, Жалаңтөс баһадүрге байланысты «Тұран баһадүрi» атты шығармамның  жазылуы да осындай ел ақсақалдарының, ағаларының арқасында тарихқа ендi. Жұбатқан Мұратбаев мектепте, институтта қарақал пақ ша оқымаса да барлық шығар- маларын сол тілде жазған жазушы. Жалпы  оның қа ла мынан жиырма шақты кiтап жарық көрдi. «Дығырық», «Аққуға оқ дарымайды»,  «Жесир», «Бақыт гүзары» т.б. Шығармашылықтағы тамаша жетiс тiктерi  үшiн Қарақалпақстан Жазушылар одағы сыйлы ғымен марапатталды. Ол –Қарақалпақстан  респу бликасына еңбегi сiңген мәдениет қызметкерi. Қарақал пақстан, Өзбекстан Жазушылар одағы ның мүшесi. Кейбiр туындылары қазақ тiлiн де де шықты. Ж.Мұратбаев тек жазушы ғана емес, ғалым  да еді. Ол төрт ғылыми ең бектiң авторы әрi мал  дәрiгерлiк ғылымдарының кандидаты.   Роза ҚҰТЕКЕЕВА Қазiр көршiлеселдiң жезтаңдай әншiсi.  Әзiрге оның даусына жетер қарақалпақ қыздарының iшiнде дауыс жоқ. Жасынан  Күләшқа ұқсап әншi болуды армандаған  Розаның тiлегi шынында қабыл болған. Сахнада ән салған кезде көз ал дымызға өзiмiздiң  Күләш пен Бибiгүл апа лары мыз тұра қалады. Нағыз бұлбұл десе, бұлбұл. Қарақалпақтың  зиялы қауымы «Роза – бiздiң бұлбұлымыз» деп   төбесiне көтередi. Өнер үшiн туа бiткен дарынның әншiлiк  еңбегi елеусiз емес. Қазақстанның, Қарақалпақстанның және збекстанның еңбек  сiңiрген әртiсi деген құрметтi атақтары бар. Оның тұңғыш қарақалпақ операсы «Әжинияз»  бен балетi «Айжамалда» басты рөлдерде ән  шырқағанын айта кетсек артық болмас.   Гүлнара МӨНТИЕВА Осы Роза апасының iзiн басып келе жатқан  тағы бiр әншi қызды атап өтсек, ол – Гүлнара Мөнтиева. Жiп-жiңiшке, шыбықтай қарақыз  қарақалпақ эстра дасы ның жарық жұлдызы болып тұр. Әуелете салған әнi, ешкiмге  ұқсамайтын үнi тың дармандардың құлақ құрышын қанды рады. Қазақ, қарақалпақ әндерiн нәшiне келтiрiп орындағанда «туған халқыңа, жерiңе рахмет» деп, iштей сүйсiнiп,  қолыңды қызарғанша соққаныңды бiлмей қаласың. Бүгiнде той-домалақ Гүлнарасыз өтпейдi десек асыра айтқандық емес. Алыстан ат арытып ке лiп, түрлi қуанышына алып  кететiн бауыр ла рымыз қаншама десең шi! Өнер адамы үшiн халықтың шын ықыла сынан  артық не бар?! Жұмабай МЕДЕТБАЕВ Қарақалпақстанның Әмудария ау данындағы Бестөбе елдi мекенiнде туған. Орта мектептi де сонда бiтiрген. Ташкенттегi театр институтында оқыған. Қарақалпақ драма теа- трында ак тер болып iстеген. «Ғарiп ашық», «Қырық қыз», «Сүймегенге сүй кенбе» т. б. спектакльдерiнде ойнаған. 60 жылдардың ортасында Алматыға көшiп келiп, М.Әуезов атын дағы драма театрына орна ласады. Содан  қазақ театр өнерiнiң майталмандары - алыптары Қалләки, Серке, Қапан, Сәбира сынды   үлкен аға-апа лары ның үлгi-өнегесiн көредi. Сахнадағы әрiп тестерi Асанәлi, Фарида, Ыдырыс, Сәбиттер мен бiрге тiзе қосып, талай спектакль дерде өз өнерiн шыңдай түседi. Ол жасаған образдардың театр өнерiнде орны  ерекше. «Қан мен тер», «Беу, қыздар ай», «Беу, жiгiттер-ай», «Еңлiк-Кебек», «Ақан  серi-Ақтоқты» спек такль дерiндегi әр түрлi бейнелер-рөлдер Жұмабай Медетбаевтың нағыз кемелiне келген тамаша актер екенiн дәлелдейдi. Сондай-ақ, оның ду тар мен  қарақалпақ намаларын, домбырамен қазақ әндерiн нәшiне келтiрiп орындайтын керемет әншiлiгi де жұртшылықтың есiнде. Ол ойнаған қазақ телевизиялық «Қымыз хана»  театрындағы сати ра лық образдар күнi бү гiнге дейiн көрермен дердiң көкейiнде. Ол - Қарақалпақстанның, Қазақстанның халық әртiсi едi. 2003 жылы 66 жасында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Тамаша талант иесiнiң   есiмiн туған елi, өскен жерi ешқашан ұмытпақ  емес.   Сауқым ЖАМАНҚАРАЕВ Қарақалпақ жұртында өнерiмен, дарынымен қалың қауым ның есiнде жүрген ұл-қыздарымызбен қатар өз кәсiптерiн терең  меңгерген түрлi мамандық иелерi аз емес. Солар дың бiрi - Сауқым Жаман қараев.  Ташкенттегi су шаруашылығы институтында оқып бiлiм алған ол ұзақ жылдар бойы  Қарақалпақ стандағы «Әмудария» су бассейнi басқармасында басқарушы болып iстедi. Дарияның аяғындағы қарақалпақ елi үшiн  судың қандай маңыз атқаратынын ескерсек, кәнiгi маман ретiнде аз тер төкпегенi   белгiлi. Жоғары жақтағы өзбек ағайындармен айтысып-тартысып жүрiп, қарақалпақ елінің  намысы, жері үшін мақтаға, салыға суды дер кезiнде алуға күш-қайратын жұмсаған, барын салған бiрден бiр iскер азамат. Сонымен бiрге Сауқым аға қара қал пақтағы тұңғыш техника ғылымдарының докторы, Өзбекстанға еңбегiсiңген су маманы. КСРО мемлекеттiк   сыйлығының лауреаты едi.   Қасым НҰРЫМБЕТОВ Жастайынан атқа отырып, таққа мiнген, КСРО Жоғары партия мектебiн бiтiрген,  соғысқа қатысқан. Азын-аулақ комсомол   жұмысында iстеген. Содан отыз жылдан астам уақыт, кешегi қайта құру нәубетiне дейiн  Қарақалпақстанның үш ауданында iстеп, аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы қызметiнде болды. Ел iшiнде ол кiсiнiң мамандығы қандай едi деп бiр-бiреуiнен  сұрай қалса, «Ол кiсiнiң мамандығы - бiрiншi хатшылық» дейтiн. Бұл әрине, жайдан  жай ай тыла салған сөз емес. Мұнда қаншама  iскерлiктiң көзi жатыр десеңшi! Елiне, халқына   ерен еңбек сiңiр ген сол азамат атышулы «Өзбек iсi» басталған тұста қайта құрудың   құрбандығына шалынды. Ол осы лауазымдық қызметтерде жүрiп,  бiрнеше рет збекстан Жоғарғы Кеңесiне де- путат болып сайланды. Атақ, орден-медалдары жетiп артылады. Қазақ, қарақалпақ, Өзбек тiлдерiн судай iшкен азамат. Қай тiлде сөйлесе, сөзге шешен, алдына келген кiсiнi үйiрiп әкететiн ерекше қабiлетке ие, дарынды басшы болатын. Бiр кезде өзi басшылық еткен Төрткүл, Беруни, Әмудария аудандарындағы,  республикалық к_лемдегi қазiргi атқамiнер азаматтардың қай-қайсысы болсын, мейлi ол қазақ, не өзбек болсын, «Бiз - Қасым әкәнiң шәкiртiмiз. Қасым әкә олай деп едi, бұ лай деп едi» деп, оны құрметпен еске алады.Бүгiнде Төрткүл ауданындағы бiр колхоз сол кiсiнiң  атымен аталады. Самбай ҚОШМҰРАТОВ   Ата-тегi – Сыр елінен. Нәубет жылдары әке-шеше, ағайын-туыстарымен Өзбекстанға барған. Содан арадан жылдар өтуiмен Қарақалпақ станға тұрақтаған.  Өмiрiнше Тақтакөпiр ауданының «Мүлiк»  кеңшарында қой бағып, бағы жанған кiсi. Қой шаруашылығын өркендетудегi жетiс тiк терi  үшiн оған 1971 жылы Соц а лис тiк Еңбек Ерi  атағы берiлдi. Оннан астам бала өсiрiп, тәрбиелеген, зайыбы Балайым - Ба тыр ана. Ұл-қыздарының көпшiлiгi өзiне ұқ саған, қарапайым еңбек адамдары. Самбай Қошмұратов - Қарақалпақстан,  Өзбекстан Респу бли калары Жоғарғы Кеңес терiне депутат болып сайланды. 80 жасқа  шыққан мерей тойын бүкiл ел болып тойлады.   Қаршыға КЕНЖЕБАЕВ. Туған-өскен жерi Тақтакөпiр ауданы.  Әке-шешесi қызылордалық. Қазалыдан қоныс аударған Самбай ағамен жас шағынан  қарайлас. Аралары - 3-4 жас. өле-өлгенiнше  бiр-бiрiн сыйлап, қадiр тұтқан, төрт түлiктiң,  соның iшiнде қой өсiрудiң шеберлерi. Оның өрiсi көбiнесе, Қазалы ауданының «Кекiрелi»,  «Кәукей» жайлаулары едi. Қаршыға үш ағайынды. Үлкенi -Торғай,  ортаншысы - өзi, Қаршыға, кiшiсi - Балапан. Үшеуi де «малым - жанымның садақасы» деп  күн көрген отбасы иелерi. Торғайы мен Ба- лапаны «Қоңыраткөл» кеңшарында ферма  басқарушысы болып еңбек еткен мамандар. Қаршыға ағаның төл алудағы ерен табысы  елеусiз қалған жоқ. Екi рет Ленин және Еңбек  Қызыл Ту, бiр рет «Құрмет Белгiсi» орденiн  омырауына тақты. збекстан және Қарақалпақстан республикалары Жоғарғы Кеңесiне,  сонымен бiрге КСРО Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланып, халықтың қалаулы  ұлы болды. Қаршыға аға қарапайым еңбек Адамы  болғанымен, не нәрсенi болса да бiлуге ұмтылып жүретiн. Кiндiгiнен тараған он ұл- қызының барлығын дерлiк оқытып, жоғары  бiлiм алуына қол жеткiздi. - Өзiмде толық сауат жоқ. Егер оқу бiтiрiп,  бiлiм алғанымда ма, - деп, басын шайқап  қоятын бiрде әңгiмелескенiмiзде. - Сол үшiн  қара орманымды сатсам да балаларымның бәрiн оқытуды мақсат тұттым. Ол күнге де  жеттiм ғой. Десе де бәрi атқа мiнiп кетпей, ата кәсiп – қой бағуды да ұмытпаңдар, деп  ортан шы ұлыма құтты таяғым ды ұстаттым. «Мал өсiрсең қой өсiр, табысы оның көл- көсiр» деп атамыз қазақ айтқандай қой бақсаң, әйтеуiр аштан өлмейсiң . Сол Қаршыға аға кiтапты көп оқымаса да  зейiндi, алғыр адам едi. Обкомның, аудандық  партия комитетiнiң пле нум дарында, кеңестердiң сес сияларында шығып сөйлер кезде   аузына сөз салып берсе болды, қағазға онша қарай бермей сөйлейтiн. Саясаттан алжаспайтын. Басшылар не айтса, соны бұлжытпай  орындайтын, қағiлез едi. Кейбiреулердей мал бағудың қыр-сырын iшiне бүгiп отырмайтын. Iзiне ерген шопан iнiлерiне бастан өткен өмiр жолын, тәжiри бесiн айтудан еш жалықпайтын. Сондықтан да оны iнiлерi «Қызылқұмның көкесi» дейтiн. Ал замандастары, бас мамандар «Қызыл құмның  қаршығасы» деп ат қойған болатын.   Ағытай ӘДIЛОВ. Әкесi жас уақытында кәмпескеге ұшырап,  ұсталып кеткен. Сөйтiп, жетiмдiктiң ащы зардабын тартқан. гiзге соқа тiркеп, жер  жыртқан. Атызда ұйықтап қалып, жер иесiнен талай таяқ жеген. Орта мектептi жақсы бағаға  бiтiргенiмен, жоғары оқу орнында оқуға шамасы келмей, қара жаттың жоқтығынан ауылдағы  ұжымшарда жұмыс iсте ген. Нүкiстегi ауыл- шаруашылығы техникумын жұмыстан қол  үзбей жүрiп оқып бiтiрген. Есепшi болған. Соңырақ Ташкенттегi ха лық шаруашалығы  институтында сырттай оқыған.        Пысықтығы,  зеректiгi, iске икемдi лiгi, бiрге iстеу шiлер арасында ұйым дас тырушылық ерекше қабiлетi   арқасында бас бухгалтер, кеңшар директоры, аудандық партия комитетiнiң нұсқаушысы  қызметтерiн атқарды. 1978 жыл дан бері «Тақта көпiр» кеңшарын бас қарып келедi. Өзбекстан Республи касына еңбегi сiңген экономист, Қарақалпақстан республика сына ең бегi сiңген ауылшаруашылығы қызмет керi құрметтi атақ тарымен марапат талған. Шаруа шылық    бұрын тек са лы егумен айналысса, қазiр судың  тапшы лығына бай ланысты мақта өсiрумен   шұғыл данып жатыр. Бұл күндері «Тақтакөпір» ауылының орта лы ғында түрлi өнеркәсiп орындарында, цехтарда жұмыс iстейдi. Ағытай аға бұл күн де 70-ке таяп қалды.  Кезiнде екi рет збекстан Олий Мәжiлiсiне, екi мәрте Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесiне  депутат болып сайланды. Шаруа шылықты бас- қарудағы үздiк жемiстi еңбегi үшiн 2006 жылы  «Өзбекстан Қаһарманы» деген ең жоғарғы құрметтi атаққа ие болды. Ол тәуел сiздiк алғалы  бұл атақты иеленген тұңғыш басшы, қазақ аза маты. Әлбетте, бұл Ағытай аға ның қарамағындағы халықты теңдей ұстап, әдiлдiкпен қа рауынан, сонша жылғы адал, маңдай терi,   бiлiмi, жiгерiнiң нәтижесiнде жеткен табыс десек асыра айтқандық емес. Жалпы, збек елiнде жыл сайын   «Мұстақиллик» (Тәуелсiздiк) мейрамы күнi – I қыркүйекте көп теген еңбек озаттарын   награда берiлетiн дәс түр бар. Наградалар  бұрынғы Кеңес одағы тұсындағыдай әрбiр  кiсiге - наградталушыға араға бес жыл салуды күтпейдi.             «Кiм iстесе - сол тiс тей дi»  дегендей, кiм жоғары нәтижеге жетсе, сол  адам марапаттың иесi.   Сондықтан жылда  ке мiнде 4-5 адам «Өзбекстан Қаһарманы»  құрметтi атағымен әрi «Алтын жұлдыз»  медалiмен мара пат талып жатады. Басқа наградаларды айтпағанда. Шығысы бiр, туысқан қарақалпақ  елiнде бұ лар дан басқа да айтып-айтпай  кеткен есiмi елге белгiлi қазақтар аз емес.  Кешегi Ұлы Отан соғысы кезiнде Қарақалпақстаннан 20 Кеңес Одағының батыры   шықса, соның оннан астамы қазақ екенін  де айта кеткен артық болмас. Олар – Плис  Нұрпейiсов, Мақаш Балмағамбетов, Жұман  Қалдықараев және басқалар. Қазiр олардың  атында мектеп, көшелер бар. Осы оншақты батырдан басқалары өзге ұлт өкiлдерi. Бұл  атаққа ие қарақалпақтан шыққан бiрде  бiр батыр жоқ. Бұған қарап олар ерлiк  iстемеген екен деген ұғым тумауы керек.  «I,II,III дәрежелi Даңқ» ордендерiн алған  бiр қарақалпақ бар. Бұл ордендер Кеңес  Одағының батыры деген атақпен теңдей дәре же де қолданылады. Сондықтан да  олар өздерi нiң ұлттық батырындай төбесiне көтерiп жүредi.  Иә, тiлге тиек етер бұлардан өз ге де  қандастарымыз көп қой. Оның бәрiн жiпке тiз- ген моншақтай санамалай бермедiк. Тек кейбiреулерiн, «қармаққа» iлiнгендерiн ғана сөз  етiп отырмыз. Өйтпесе, атақ-даңққа ие қаракөз дерiмiздiң саны мұнымен шектелмейдi. Қарақал пақстан Республикасы Министрлер  Кеңесiнiң бiрiншi орынбасары қызметiн атқарған Мүсiрен Кинбаев, Кеңесбай  Сәрсенов, Әдiлет Министрi Дәуiмшар Ожыраев, аудандық партия комитетiнiң бiрiншi  хатшысы болып iстеген Сапарбай Нұрқожаев,  Кеңесбай Сәрсенов, Темiрбай Тыныштықов,  Қалмағанбет Тұрымбетов, т.б. Мұндай мысал- дарды көптеп келтіруге болады. Ұжымшар,  кеңшар басқарған бастықтар қаншама! Бұлар сыртта, шалғайда жүрсе де өз тiлiн, дiнiн, дiлiн  ұмытпай, қазақ деген атқа кiр келтiрмей, «мың  өлiп, мың тiрiлген» еті тірі, ұлт өкiлi екенiн көрсеткен жандар. Сондықтан өзгелердiң алдында олардың мерейiнiң үстем екендiгiн жұртқа паш ету арқылы жалпы қазақ деген ұлтты мақтан ету - бiздiң түпкi мақсатымыз  едi. Әзiрге айтарымыз осы.    

Ізмұрат ҚҰРБАНБАЕВ,

Қарақалпақстанға еңбегі сіңген журналист.

Қызылорда қаласы