Оңтүстік Қазақстанда 29 жүк вагоны рельстен шығып кетті
2014 ж. 06 мамыр
1802
0
Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында "Черноводье-Бадам" теміржол тармағымен Шу-Арыс стансасы арасында қатынайтын №2901 жүк пойызының 29 жүк тиелген вагоны рельстен шығып кетті.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 29 вагонның 8-іне күкірт қышқылы цистерналары, 17 вагонда құрылыс материалдары, 1 вагонға астық тиелген, сондай-ақ 2 контейнер вагоны, 1 вагон-термос болған.
Апат кезінде 150 метр теміржол рельсі және 4 байланыс желісінің тіректері бүлінген.
Төтенше жағдайды жоюға 240 адам, 22 бірлік техника, 2 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Қазақпарат