Өскеменнің өз бәйтерегі бар

d184d0bed182d0be-d0b1d0b0d0b9d182d0b5d180d0b5d0ba

Иә, енді скемендіктер өз бәйтерегімен  мақтанатын болды. Жақында Ертіс   өзенінің жағасында «Бәйтерек» монументі  бой ктеріп, самаладай жарқырап шамдары жағылды. Айта кетейік, биіктігі – 28,5  метр, салмағы – 22 тоннаны құрайтын ескерткіш бас қала – Астананың басты  құндылығы саналатын «Бәйтеректің»  еліміздегі тұңғыш көшірме нұсқасы.

        Еліміздегі нөмірі екінші «Бәйтеректің» ашылу салтанатына қала  тұрғындары, шаһар қонақтары және  қала басшысы Ислам Әбішев және  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Скворцов қатысып, жылы лебіздерін  жеткізді.

– Халықтың көңілінде, жүрегінде   жүрген егемендігіміздің тамаша символын қаламызға неге орнатпасқа деген ой  туып, сәулет өнерінің мамандарымен, ардагерлермен, көпшілікпен ақылдаса келе  Астанадағы бәйтеректің шағын нұсқасын жасадық. Әйгілі Эйфель мұнарасының  әлемде жүзден асқан көшірмесі бар,  сол сияқты біз де қазақстандықтардың мақтанына айналған дүниені жұртшылық  жанына жақындата түсуді мақсат тұтып, нысанның тұсауын кесіп жатырмыз,  – деді құттықтау сөзінде қала әкімі

И.Әбішев.