Алматы облысында мектепте оқитын қыз балалар жоғалып кетті
2014 ж. 04 мамыр
4208
3
14 жасар Айдана Көжебаева мен оның 15 жасар құрбысы Нарғыз Жолдасбаева екеуі 29 сәуір күні жоғалып кеткен. Олар Талдықорған орта мектебінде 8 және 9 сыныпта оқиды.
Екеуін соңғы рет бірі тісін емдетуге балалар емханасына барған жерінен көрген. Қазіргі таңда жоғалған екі оқушыны ата-аналары, достары және полиция қызметкерлері іздестіру үстінде. Олар бүкіл қала көшелеріне қыздардың суреттерін ілді.
Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына интернет қолданушылары да қолұшын созып отыр. Талдықорған қаласының ІІБ басшысы Ерлан Сансызбайдың мәлімдеуінше, қазіргі сәтте тәжірибелі қылмыстық іздеу қызметкерлерінен арнайы топ жасақталды. Полицейлер іздеу жұмыстарын жалғастыруда.