Жоғалған Boeing ұшағына 7 тонна белгісіз жүк артылған
2014 ж. 04 мамыр
1857
1
Жоғалған малазиялық Boeing ұшағында 239 жолаушыдан басқа тағы 7 тонна жүгі болған. Олардың бір бөлігі құжатта көрсетілмеген, деп хабарлайды The Daily Mail.
Еске сала кетейік,Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777-200ER әуе лайнері Малайзияның астанасы Куала-Лумпурден Бейжіңге Қытайдың China Southern Airlines рейсімен бірлесіп, бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесімен жолға шыққан болатын.
Ол радар экранынан 8 наурыз Малайзия уақыты бойынша 02.40-та жоғалған. Жолаушылардың екеуі рейске басқа біреулердің төлқұжаттарымен кірген. Негізі Boeing 777 жолаушылары қаза болған деп жарияланды: олардың туған-туыстарына әуе компаниясының басшылығы ұшақ бортында болғандардың ешқайсысы тірі қалмады деп хабарлады. Егер, шынымен лайнердің апатқа ұшырау фактісі расталса, онда бұл 2003 жылдан бергі ірі әуе апаты болады.nur.kz