Сағат АРЫНҰЛЫНА арнау

0
911

Белгілі жорналшы, ақын және қоғам қайраткері,

Сағат АРЫНҰЛЫНА арнау

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отырған белгілі қаламгер, саңлақ журналист Сағат Арынұлы республикалық «Жас қазақ үні» газетінің белсенді авторы һәм жалынды жанашыры. Ол кісінің отты да ойлы шығармалары біздің газетімізде жиі жарияланып тұрады. Қашан да қарымды қайратымен әділін айтатын әулиеаталық әулие атамызды мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ол кісіге арналған арнау жырды ұсынып отырмыз. Жүзіңіз жарқын күйде жүзге жетіңіз, Сағат Арынұлы!

АБЫЗ АҒАҒА ТАҒЗЫМ

Ар ма, көке? Абызымсың, ырысым,

Асыл ойдың жарқылдатқан қылышын.

Аталы сөз арзандаған заманда

Айдай болған ақиқаттың жырысың.

Қара бастың құлы болған жалғанда,

Некен-саяқ тектілердің бірісің.

Jзің болдың күзетшісі шындықтың

Jткізбейтін өтіріктің «ұрысын».

Бұлтақтамай бұрыс дейтін бұрысын,

Асыра айтпай дұрыс дейтін дұрысын.

Шен-шекпені, мансабына қарамай,

Бетке айтасың. Азулысың, ірісің.

Жазғаныңды іздеп жүріп оқиды ел,

Шет қалмайды назарынан бір ісің.

Адалдықты мұрат еткен жастардың

Үлгісісің, ұстазысың, пірісің.

Мүләйімсу Сізге мүлде жат қылық,

Айтысқанды жеңесің тек «мат» қылып.

«Менмін» деген көп ақынды әкімдер

«Мініп жүр ғой» ертоқымсыз ат қылып.

Емессіз Сіз ешкімге әсте жалынған,

Арғымақсың – ащы тері алынған.

Жоламайсыз шекпенді мен шендіге,

Ең болмаса сипатпайсыз жалыңнан.

Болса-дағы таудан биік атағы,

Істерінде көрінсе егер «шатағы»,

Сойып салып сынаған соң өзіңіз,

Аяқтары аспаннан кеп жатады.

Айтсаң сірә, терең қазып айтасың,

Қайтсаң-дағы жетіп бір-ақ қайтасың.

Сөйлей кетсең арындайсың өзендей,

Доптай қылып домалатқан сай тасын.

Jзгені Сіз тек өзіндей көресің,

Қисық сөзге түзу жауап бересің.

Кей пенделер түсінбейді бірақ та,

Құдай тарғып жаратқан соң өресін.

Ұсақтардың майдалығын кешіріп,

Jз ісіңнің ақтығына сенесің.

Ақиқаттың асқарына бағыттап,

Келе жатсың кісіліктің кемесін.

Жазылды ма ұлтымның жан жарасы?

Тебіреніп «Елтұтқаны» қолға алдың,

Bр парағын сипап ашып толғандың.

…Bттеген-ай,- дедің оқып біткен соң,

Jкінішке айналғандай құт кешің.

Қайта оқыдың «Елтұтқаны» қолға алып,

Қалт жібермей қайырмасын, нүктесін.

Апыр-ау бұл жаңсақтық па, бұл қалай?

Шүкір, қазақ не бір асыл ұлға бай.

Барды бар деп, жоқты жоқ деп жазса да

Болмас па еді, тарихымды былғамай.

Шаяхметов, Тәшенов жоқ, Шәмші жоқ,

Қасым да жоқ «Елтұтқаның» ішінде.

Академик бүкіл елге құрметті

Базанова Нәйлә апам да кірмепті.

Bлия мен Мәншүкке де Мырзатай

Ашпапты есік, іліп алып ілгекті.

Күш-жігерін аямаған елінен,

Хрущевке бастырмаған белінен.

Қорғап қалған ұлтарақтай жер бермей,

Москваға қазақтың кең жерінен.

Қос Жұмекең тұру керек еді ғой

Орын алып «Елтұтқаның» төрінен!

Тағы басқа толып жатыр көп күмән,

Тарихты үшеу өз ойынша «шайқаған».

Қонышынан басқан әбден қорықпай,

«Старт» алып ру менен тайпадан.

Бір қызығы Найман Ақтамберді де

Ошақты боп «ояныпты» қайтадан!

Жағымпаздық өз айласын асырды,

Жалған сөзбен былғап талай ғасырды.

Міне, осылай пенделіктің «жемісі»

Құбыладан адастырып жастарды,

Күл- қоқыс болып шашылды!

Қалам алып, ағам сонда ашынды,

Сезім тулап, алай-түлей тасыды.

«Аруақты алалаған зиянды

кітап бұл»,- деп аттың сыннан жасынды.

«Бәрекелді, Азамат!»,- деді бар қазақ

Құрметпенен қол соғып,

Әділдікке, ақиқатқа бас ұрды.

Қазақ біткен бауырың да туысың,

Орамды ойдың орманысың, нуысың.

Қайраткері, қаламгері қазақтың,

Жалғасқан сол тектіліктен туысың!

Иманы бар тура жолдан тайдырмас,

Жаратқанның сүйікті бір құлысың.

Нағашыңыз – Сейфолланың Сәкені,

Ел басқарған Арын ата ұлысың.

Алсам егер шежіреңді арыдан,

Бидай өсіп шықпасындай тарыдан.

Тұқымыңда болғаннан соң бекзаттық

Имандылық, ақиқатшыл ақындық.

Қаныңызға ежелден-ақ дарыған

Айболаттай атаң даңқын таратқан,

Намазбенен әрбір жарық таң атқан.

Парасатты жан болыпты білімді

Шариғаттан, шежіреден сөйлесе,

Тамсандырып елді аузына қаратқан.

Кешегі өткен тар жол,тайғақ кешуде

Талай жанға қолын созып, қорған боп,

Жүрегінің мейірімін таратқан.

Jзі көсем, өзі шешен, өзі бай,

Құдайберген игіліктің барлығын

Ел-жұртының кәдесіне жаратқан.

Қарсы біткен иір бұтақ өзіңсің,

Тамыр алып Айболаттай дарақтан.

Сол заманда қатар қонған ауылы,

Ұлы Сәкен Сейфуллиннің бауыры.

Бибі-Айша анаң сондай жан еді,

Құрметтеген бүкіл аймақ, қауымы.

Көпті көрген көне көздер кешегі

Аңыз еткен Бибі-Айша шешені,

Келін болып түскенінде жарықтық

Құт-береке алып келген деседі.

Қаймықпай-ақ балшайбектің сотынан.

Бұл өмірден өткенінше қартайып,

Бес намазын қаза қылмай оқыған.

Сегіз қырлы, бір сырлы еді әз анаң,

Ою-өрнек, әсем кесте тоқыған.

Сізді әлдилеп талған талай білегі,

Бибі-Айша мейіріммен түледі.

Перзенті боп ақтадыңыз үмітін,

Қабыл болып анаңыздың тілегі.

Қасиетін жалғап ата-әкенің,

Кешегіден бүгінгіге әкелдің.

Анаңның ақ сүтімен сіңірдің,

Сымбаты мен ақындығын Сәкеннің.

Сәби кезде бесігіңде бұлқындың,

Құлыншақ боп желіде де жұлқындың.

Дәл осындай асылдардан жаралған,

Бүгін абыз ақсақалысың ұлтымның.

Bрбір ойың мағыналы, жүйелі

Сол үшін де елің Сізді сүйеді

«Бәрекелді, сондай болу керек»,-деп

Ұлы Сәкен Сейфуллиннің жиені!

«Мерей тойың құтты болсын»,-деп бүгін

Құттықтады қуанышпен ұлысың.

Сексеніңді қас батырдай қарсы алған

Көпке ұнады нар тұлғалы тұрысың.

Қарқын алып, шапқан сайын алқынбай,

Ашылуда арғымақтай тынысың.

Аттан түсу Сізге көке ертерек,

Алдында көп атқаратын жұмысың.

Әрбір ісің арналады халқыңа,

Сіз емессіз «тырбаңдайтын» күні үшін.

Шабыттанып жырдан шашу шаша бер,

Айдай болып жарқыратқан түн ішін.

Құдай қосып жар сүйдіңіз тектіден,

Ол жағынан өкінішің жоқ білем.

Қашан келсек үйдің іші Иранбақ,

Отбасына жан дүниеңіз тоқ білем.

Ердің бағы байланысты жарына

Бұл бақыттың түп қазығы Қанайдай

Шешеміздің еңбегі ғой деп білем.

Шүкір деңіз, бағың болды алғаның,

Үмітіңді ақтап жатыр балдарың.

Құт-береке алып келген үйіңе

Анамызға нұры жаусын Алланың!

Сізде сондай бір қасиет бар ғажап:

Бәрі туыс, бәрі бауыр әр қазақ.

Тарақтым деп жақын тартсам өзіңді

Jкпелей ме деп қорқамын бар қазақ.

Ақын аға Алатаудай атағың,

Бұл өмірде ұзақ болсын сапарың.

Осы жырым – сәйгүлігім мінгізген,

Осы жырым – Сізге қамқа шапаным!

Мәуелеген саялы бір терексің,

Ақылың көпке азық болар зерексің.

Ақ пен қара арпалысқан заманда

Сағат көке, Сен халқыңа керексің.

Бәрімізге өмір берсін Жасаған,

Аман жүргей алдымызда әз ағам.

Қошеметтеп жиналғанда ел-жұртың,

Jзім болам той бастайтын асабаң!

Бегалы ЫСҚАҚ

Тараз қаласы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз