Халық банкінің бұрынғы қызметкерлері банкоматтарда 1 млрд. теңгенің жетіспеушілігі бойынша айыпталуда
2014 ж. 27 сәуір
1891
0
Маңғыстау облысының прокуратурасы Халық банкі банкоматтарындағы ақшаның жетіспеушілігіне байланысты қылмыстық істі Ақтаудың қалалық сотына жіберді.Атап айтқанда, Халық банкі банкоматтарында қаржының жетіспеушілігіне қатысты «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Маңғыстаулық филиалының бұрынғы қызметкерлері айыпталуда. Мәселен, операциялық бөлімнің бұрынғы орынбасары, қайта есептеу кассасы бөлімінің бұрынғы басшысы мен осы банктің тағы үш кассирі «Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жұмсау» бабы бойынша айыпталуда. Күдіктілер мүлікті тәркілеумен 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған қоса, айыпталушылар қатарында қайта есептеу кассасы бөлімінің бұрынғы жетекші кассирі бар. Ол «Қылмыс жасауға көмектесу» және «Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жұмсау» баптары бойынша күдікті болып отыр. «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалының бұрынғы директоры «Міндетіне жауапсыз қарау» бабымен айыпталды.
Айыпталушылардың іс-қимылдары салдарынан банк филиалына 992 407 406 теңге көлемінде залал келтірілген. Тергеу амалдары барысында оның 156 миллион теңгесі қайтарылып, төрт көлікке, сегіз пәтерге тыйым салынды.
Кейбір күдіктілер қамауға алынып, бірқатары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Айыпталушылардың кейбірі өз кінәлерін мойындамады.
Қазақпарат