САҒЫНАЙЫН БА?

0
1129

d184d0bed182d0be-d0b0d0b9d0bdd183d1802

Бәрі де бекер, бәрі де бекер өмірдің,

Жүргенім мынау қалауын таппай көңілдің.

Кей- кейде, жаным, ойларға батам қамыға,

Кей- кейде, жаным, жазамын жырлар сағына.

Сағынайын ба, сағынатұғын нелер бар?

Сағынайын ба, сағыныш атты кемем бар.

Бастайды алға, жетелер үміт сан арман,

Сағынайыншы сағыныш үшін жаралғам.

Адам боп келген бес күндік мынау жалғанға,

Сағынған жанның қанаты сірә талған ба.

Оңаша қалсам батамын түрлі арманға,

Сағынайын ба жанарға жасым толғанда…

Қиялда жүрген адамдарды ұнатам,

Jмірде сұлу бақытыммен жұбатам.

Сол жайды ойлап текке көзді жылатам,

Қуанышыммен, жрегіммен сынатам.

 

 

ДОСҚА СЫР

 

Қуанып келіп ем,

Қуанбадың ғой.

Мен үшін сұрланып,

Жұбанбадың ғой.

Қайтейін сағыныш,

Jшті ме лаулаған.

Мендегі бақытты

Тіміскеп жаулаған.

Досым деп ойлағам,

Шын сенім байлаған,

Бірақта, бірақта,

Ойларым қыратта,

Сезімнің сұлуы

Қалыпты жырақта.

Қуанып келіп ем,

Қуанбадың ғой.

Мен үшін сұрланып,

Жұбанбадың ғой.

Қайтейін, сонда да

Тілекшің болайын,

Екеулеп айтатын

Bніме салайын…

Қарасаң болды көзіме.

***

Шіркін- ай сенің тағдырың,

Болса ғой менің қолымда.

Сағыныш атты жаңбырың,

Себелеп тұрса жолымда.

Шығар ем тауға жіпсіз- ақ

Көңілім менің кіршік ақ.

Қарасаң болды көзіме,

Түсінер едім тілсіз- ақ.

Сыйлады маған өмірді,

Қылмады бірақ көңілді.

Бақыттымын деп жүрсем,

Жоғалттың сен де сенімді.

Аласұрған сағымнан

Іздеймін сенің көзіңді.

Кетсең де сен ғайып боп.

Көргім келед өзіңді.

 

                           Айнұр ШӘМШЕЙТОВА

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз