Суға кетіп қалған адамның мәйіті алты күннен соң табылды
2014 ж. 27 сәуір
1729
0
Жамбыл облысында Шу өзеніне батып кеткен адамның денесі алты күннен соң су астынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтемемен.
26 жастағы ер адам 20 сәуір күні сағат 06.00 шамасында белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Құтқарушылар оны алты күн бойы іздестірді. Ақыры мәйіті су астынан табылып, шығарылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында балық аулап жүрген бір жігіт суға кетіп қалған еді. Қайғылы оқиға Арал ауданындағы Ақшақат учаскесінде болған. Оның мәйіті бір тәуліктен соң табылды.
tengrinews.kz