«ӘСЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫ» тудырған күдік

d0b0d181d0b5d1822d0b0d181d0b5d182-1           

Әсет шығармалары Қытайда  да, Қазақстанда да басылым бетінде жарияланып, оқырман қауымның оң  бағасын алғаны белгілі. Деседе, күдік-күмән тудырған шығармалары туралы да  талас-тартыс толастаған  жоқ. Соның ішінде «Сәлиқа Сәменнің » дауы аз емес.

            «Даудың басы Дайрабайдың  көк сиыры» демекші,  «Сәлиқа-Сәмен» Әсеттікі ме?–» деген сауал туғанда  оған ең алғаш қарсы болған  адам өткен ғасырда өткен көрнекті тарихшы, жазушы  Асқар Татанайұлы болды. Бұл туралы «Асқар айтты» деген  сөзді талай рет дауға куәлік  қылғанымыз да рас. Бірақ біз  Асқардың сөзін өз мәнінде  пайлалана білдік пе?! А. Татанайұлының барлық шежіресін ет құлағымен тыңдап өскен Көбен  Асқарұлы былай дейді:  «1941- жылы Асқар тілшілік сапарымен Алтайдың Жеменей ауданына барғанда,  Әлен уаңның үйіне қоныпты. Сонда Әлен уаңның қызы  Заданың қолынан «Сәлиқа-Сәмен » дастанын көшіріп жазып алыпты. Ол кезде  Әлен уаң Үрімжіде түрмеде, Қадуаң Алтайда мырза  қамақта болатын.

            Зада дастанды зінің ағасы  Қызыр Мамырбекұлы жазған дейді.

            Алайда, 1947- жылы (1946 жылы болса керек – Ж.Ш) баспаға берілерде  редактор Мұқаш Жәкеұлы, Мақат Ақбаев, Мырзахмет Мұхметжанов,  Ғалым Құсайынов және бір қаншасы  «бұл дастанды ;сет жазған, ел аузына таралған ;сеттің шығармасы  көп, Зада кішкене, не біледі? Қызыр  мынадай еңбек жаза алмайды», – деп Мұқаш Жәкеұлының алғы  сөзімен ;сеттің атынан жариялап  жіберіпті. Оны әкем көзі тірісінде айтып қарызынан құтылған болатын». («Алтын бесік» журналы.  2008ж, 6-сан, 16-бет.)

         Шынжаң қазақ қаламгерлерін дегі Асқар Татанаймен ең көп  әңгімелескен және ол кісінің өмірі  жөнінде «Біздің Асқар» деген   ғұмырнамалық роман жазған ақын Шәкен Оңалбаев. Аталған роман  2009 жылы «Шынжаң жастар-өрендер» баспасынан «Жұңго қазақтарының таңдаулы романдары» сериясымен жарық көрген.

           Романның 366-376 беттерінде ақын  аталған мәселеге егжей-тегжейлі  тоқталып, шығарманың өсеттікі  емес, Қызырдікі екенін, оны өңдеп  толықтырушының Асқар екенін тілге тиек етеді. Асекеңнің өз аузынан келтірілген деректерді әдеби әсірелеусіз жеткізіп, өлең жолдарына дейін бұлтартпас дәлелдермен   айғақтайды.

             Бір қызығы, дастанды  өсетке телушілердің «Асқардың  мақұлдауымен өсеттікі делініпті»  дегеннен басқа уәжі жоқ. Тіпті,  Шинжиаңда шыққан «Әсет  шығармалары» (Ұлттар баспасы.  2000 жыл) атты 2 томдық еңбектің  «баспадан» деген алғы сөзінде: «Әсет шығармалары мінсіз деп айтудан аулақпыз. Өйткені, оның  шығармаларының бізге дәл өз аузынан шыққандай толық, мүлтіксіз  жетуі тарих заңдылығына үйлеспейді.

          Оның үстіне, редакциялық неріміздің  жетерлік болмауынан илеуі қанбай,  олпы солпы болып қалған жәйттер   жоқ деп тіпті де айта алмаймыз», – деп дүдәмәл оймен табансыздық    танытып, күдік күмәнға жол   беруінің өзі біраз мәселені аңғартса  керек. Аталған еңбектің I том, 158  - бетінде:

 «... Кәрі құлақ оқымысты Сүлеймен Еламанұлының айтуында «Бақтияр», «Дастархан»,  «Шәкір-Шәкірат», «Ғалым-Сәлім», «Жәмсап», «Шеризат»  қатарлы қиссалар да Әсеттікі  екен. Біз бұл қиссалардың сөз саптауы, стиль, оқиғаның сөз жияры қатарлы жақтарынан саралап  көргенімізде, олардың да Әсеттің «Сәлиқа-Сәмен», «Пушкин- Татяна», «Кешубай-Жәмила», «Алтын балақ-Ақ сұңқар», «Мұңлыққыз», «Нүсіпқан» қатарлы қисса- дастандарымен толық сәйкесіп отырады. Демек, Әсет Тарбағатай  өңірінде жүрген 1907– 1917 жылдар аралығында осы еңбектерін  жасаған», – делініпті. Ал, осындай  тиянақсыз «кәрі құлақты» көлденең тартып, «саралап көргенімізде» деген ой жота берілген айғақтан  кейін қалай күманданбаймыз?

         Әрине, «илеуі қанбай» қалғанына  шұбаланғыңыз келмейді. Ендігі сөзді әдебиеттанушы ғалым Бексұлтан Кәсейұлының  «Қазақ әдебиетінің тарихы»  (Шынжаң халық баспасы, 1996 жыл. Үрімжі, I том, 590-бет) атты  кітабына берейік:

«Асқар Татанайұлы жырды 1946  Әсет атында бастырған. Соның  әсерімен жыр Әсеттің Қазақстанда  басылған лең-дастан жинағына  енгізілген және «Октябрь төңкерісіне дейінгі қазақ ақындарының дастандары» («дастандар») атты жинаққа (Кітаптың әсілгі аты «ревлюцияға  дейінгі қазақ ақындарының дастандары – Ж.Ш» Әсет шығармасы ретінде берілген. (Кркем әдебиет  баспасы, 1960).

            Жырды алғашында Әсет  ақынның жырлағаны туралы  нақтылы дерек және айғақ кезікпейді.  Әмин Шафиков қатарлы бір топ  фолклоршылар «Сәлиқа-Сәменді» алғашқы жырға айландырған Қызыр  Мамырбекұлы деп есептейді».

           Бір мәселенің басы ашық – өткен ғасырдың орта кезеңінде   баға берушілердің қай қайсысы  болмасын дастанды «Әсеттікі  емес» дегенді көп көлденең тартады. Ал кейінгі жастар (қазіргі  қаламгерлеріміздің біразы) ескірген  дауды өз ұпайларына шешіп жүр.

           Мәселеге сол заманның көзімен  қараушылар сарабдал ойлармен  шындықты іздегісі келеді. Айталық,  көрнекті қазақ қаламгері, жазушы  Ахметолла Қалиұлы сонау 1961- жылы жазған ««Сәлиқа-Сәмен»  либераттосы мен «Сәлиқа– Сәмен»  дастаны туралы» мақаласында («Әдебиетіміз туралы кейбір ойлар» Іле халық баспасы, 1984ж. Күйтүн. 257б) «Сәлиқа-Сәмен»  дастанының тарихы туралы сөз  ашатын болсақ, оның оқиғасы XIV-XVIII ғасырдың аралығында дүниеге  келген деуге болады. Шыңғысхан XIII ғасырда мір сүрді. Көкшенің  пікіріне қарағанда дастан да оның  авторы да Шыңғысхан өлгеннен кейінгі (1927жылдан кейін) дәуірде мір сүргені даусыз... «Сәлиқа- Сәмен монғолдар өмірінен алынған  дастан. Сәлиқа да, Сәмен де, Көкше де монғол бауырларымыз.» дегенді  айтады. Бұл көзқарас бойынша  «Сәлиқа-Сәменнің»авторы Әсетте Қызыр да емес сияқты. Тіпті  олардың аты да аталмайды.

             Ал белгілі этнограф қазірде  (2009 жылы) 92 ге келіп, тарихтың тірі куәсы болып отырған Жағда  Бабалықұлы 2008 жылдың 25  шілдесінде осы жолдардың авторына (Ж.Шәкенге) берген сұхбатында  мынадай деректер келтіреді:

– 1978 жылы Семейден келе жатып поезда Сұлтан  Қанапинге жолығып қалдым.  Ұлты әзербайжан, менің мұғалімім  болған кісі еді. Әңгіме арасында  ол маған: «Сәлиқа-Сәмен» туралы  талас-тартыс әлі толастамапты  ғой. 1930 жылдар шамасы менің үйіме Қызыр Мамырбекұлы қонып  еді. Ол маған шағатай тілінде жазылған «Сәлиқа-Сәмен» атты дастанды тауып алғанын, оны өзі  қазақшаға қотарып, жырлап жаңа  дастанға айландырғанын айтты.

          Әрі бір дана қазақша қол жазбасын  маған берді. Сол қолжазба үйімде   жатыр»,– деді. Көп өтпей Сұлтан  қайтыс болып кетті. Дер кезінде  бара алмай кейін Атила, Қалит деген балаларына барып қол жазбаны іздедік, таппадық. Сөйтсек,  Сұлтан Қанапин өлерде жолдасы,  суретші Мұхаметжан Юсүповқа  көп материалын апарып беріпті. Ал Мұхаметжан өзінің барлық архивін  Қырғыстанның мұрағатына тапсырып берген екен. Қолжазба сол күйінде іздеусіз қалды. Мүмкін  Қырғызстан мұрағаттарында әлі де сақтаулы шығар.

             Кейіннен осы әңгімемді   Әлкей  Марғұланға жеткізіп, «Сәлиқа- Сәменнің» таласын айттым. Қалай  айтқанын білмедім, ол кісі: «Ол  қазақша емес қой» деп қысқа  қайырды.

             Ал, осы әңгімелерді ой сарабынан өткізетін болсақ, Ахметолла  Қалиұлының болжамы мен Әлкей  Марғұланның пікірі бір арнаға  құяды. Демек, дастанның көне жазбалардан қазақшаға қотарылғаны  айдан анық. Мүмкін моңғолшадан, мүмкін шағатай тілінен. Ол  жағы анық емес. Оны қазақшаға  қотарып, өлеңге айналдырушының   Қызыр екені туралы да айтылым көп. Ал Асқар Татанайды еш  соқпастан: «Ол Әсеттікі еді ғой» дейтін дәлел де, адам да атымен   жоқ. Олай болса «Сәлиқа-Сәмен»  әлі де зерттеуді қажет ететін «Әсет  шығармаларындағы» алғашқы  «күдікті» есептеледі. «Сәлиқа-Сәменнің» дауына ғана мойын бұрып жүрген   оқырмандардың «алғашқы күдікті»  дегенге қарап «тағы несі бар?»  деп таңдануы да орынды. Ендігі  «күдіктілер» – Әсеттің қиссарары мен дастандары деп беріліп жүрген  «Шәкір-Шәкірат», «Бақтияр», «Үш жетім қыз» секілді көлемді  шығармалары. Әсеттей дүлдүл ақын, көрнекті  композитор, атақты әнші туралы айтқанда оған өнер көптік  етпейді. Деседе, басқа авторлардың    шығармалары негізсіз телініп, тарих бұрмаланса ол да өкінішті.

            Сондықтан да соңғы күдігімізді  тудырған шығармаларға азырақ  аялдай кетейік. Қолымызда «Қазақ кітабының  шежіресі»(Ү.Субханбердина.  Д.С. Сейфулинна. Алматы. «Рауан» 1996ж) – 1807-1917 жылдар  аралығында жарық көрген қазақ кітаптарының библиографиялық  көрсеткіші.

           Аталған кітаптың 46-бетінде  «Шәкір-Шәкіраттың» 1840 жылы қазан баспасынан алғаш рет жарық  көргені тіркелген. Осыдан кейін  кітап көп рет басылым көрген. Атап айтар болсақ, «Қазақ кітабының  шежіресіндегі» деректер бойынша  1872 жылы (49 бетінде), 1880 жыл  (57 бетінде), 1883 жыл (59 бетінде),  1888 жыл ( 62 бетінде), 1890 жыл (65 бетінде), 1894жыл (75 бетінде),  1899 жыл (98 бетінде), 1901 жыл  (109 бетінде), 1909 жыл (156 бетінде), 1912 жыл (193 бетінде),  1916 жыл (229 бетінде) басылғаны көрсетілген.

             Аталған «Қазақ кітабының  шежіресінде» берілген шығармалардың кейбірінің авторы,  кейбірінің құрастырушысы, кейбірінің баспагері немесе аудармашысы жазылып, анық тамамен  беріліп отырған. «Шәкір- Шәкіраттың» бастыру шысы Шәм судин Хұсайынов екені жазылған. Кітап Қазан университетінің баспаханасында басылған  екен.

          Кітап авторының бірі академик  Үшкөлтай Сүбханбердина кітапқа   жазған алғы сөзінде «Шәкір- Шәкіратқа» да біраз тоқталады.

Онда мынадай жолдар бар: «Шәкір-Шәкірат» 1840 жылдан бастап, 1872, 1880, 1883, 1884, 1888, 1890, 1894, 1896, 1901, 1909, 1912, 1915, 1916-жылдары қазанда  университет баспасынан басылып  шыққан. Солардың ішінде 1894 жылғы басылымы 10000 дана бо- лып шыққаны туралы мәлімет Н. Ф. Катановтың мақаласында берілген. («Деятел»журналы 1894 жыл 10сан 579-582беттері ) жыр ел арасына ауызша кең тараған. Ал, қолжазба нұсқалары Москва, Санкт- Петербург, Алматы қалаларының кітапхана қорлары мен архив қазыналарында сақтаулы тұр...

             Халықтық сипатта жырланған «Шәкір-Шәкірат» поэма-дастаны ның басты идеясы – адам өмірін  жақсарту, тұрмыста кездесетін қиыншылық, ауыр азаптан құтылуда адамның күш-қуаты, ақыл, парасаты бәрінен де зор екендігіне мол сенім артуында. «Шәкір-Шәкірат» дастанының революциядан бұрын басылып шыққан нұсқалары Бахтиярдың атымен байланысты. Бахтияр – X ғасырда өмір сүрген Иззадин Бахтияр ( 978-967) патшаның сарай ақыны. Ол, «Бахтиари» деген атпен «Жүсіп-Зылиқа» поэмасын  жырлаған. «Шәкір-Шәкірат» дастанын да жазған осы Бахтиари ма? Бұл келешекте зерттеуді күтіп  тұрған мәселенің бірі».

            Осы жолдарды оқыған  оқырманның біздің күдігіміздің тегін емес екенін түсінуі әбден мүмкін. зіміз өскен ауылдардағы  көне көз қарттардың «Шәкір- Шәкіратты» жатқа зарлатып отырғанын талай естіп едік. Қариялардың айтуынша жыр ескі қолжазбалардан жатталған көрінеді. Олардың ескі деп  отырғаны 1850-1900 жылдар шамасы болса керек. Демек, «Шәкір -Шәкіраттың » Әсеттен бұрын  жырланғаны шүбәсіз болды.

              Сөзімізді одан әрі дәлелдеу үшін  «Шәкір-Шәкіраттің» бұрынғы жарияланымын іздеп көрелік.

(Жалғасы бар)

 

Жәди ШӘКЕН