Белгілі кәсіпкер қазақстандық әріптестеріне үндеу жолдады
2014 ж. 25 сәуір
2390
2
Белгілі кәсіпкер, Astana Group групп компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов қазақстандық әріптестеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) аясында бірігуге үндеу тастады. Үндеудің жазбаша нұсқасы бейсенбі күні palata.kz. сайтында жарияланған.
ҰКП 2013 жылы қыркүйектің 9-ы күні құрылғанын, оның көмегімен отандық бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашылып, осы аз уақыт аралығында ҰКП Үкіметтің толық құқылы әріптесі атанып үлгергенін айтқан. "Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндеттерінің басым бөлігі кәсіпкерлікті дамытуға, елдегі бизнес-ахуалды жақсартуға, сенімді бизнес-жоспарлау тұрақтылығын қалыптастыруға бағытталған ұйым", - делінген әлгі құжатта.
Смағұловтың пікірінше, елімізде ірі компания деңгейіне көтерілуге барлығының мүмкіндігі бар, алайда оны тек екі жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Біріншіден, егер кәсіпкер кез келген нарықта, тіпті талабы жоғары нарықта сұранысқа ие болатын сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім ұсынған жағдайда. Екіншіден, егер бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасайтын әрі бизнес мүдделерін қорғайтын үлкен бірлестік аясында бизнестің өркендеуіне қажетті қолдау көрсетілген жағдайда кәсіпкерліктің дамуына жол ашылады.
Үндеу авторы ұлттық кәсіпкерлер палатасы сынды бірлестік платформасында экономикалық қатынастар жүйесінде орта және шағын бизнестің лайықты орнын иеленуін қамтамасыз етуге, қаржы және технологиялардың қолжетімділігін жеңілдету, жаһандық нарық және интеграциялық бірлестіктер жағдайларында бәсекеге қарсы тұруға жәрдемдесу жолында бар біліктілігімізді, тәжірибеміз бен күшімізді жұмылдыра аламыз деп сенім білдірген.
Нұрлан Смағұлов - Astana Group групп компаниясының президенті, әрі иесі болып табылады. Оған "Астана Моторс", "Астық индустриясы", сондай-ақ MEGA ойын-сауық орталығы желісінің қожайыны, белгілі меценат. Forbes журналының мәліметінше оның қаржысы 450 миллион долларға пара-пар.
ҚР Кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі